7 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бүкіл әлемдегі аграрлық саланың жетекші ғалымдары жас зерттеушілермен тәжірибе және білімдерімен бөлісетін Халықаралық Жазғы мектептің салтанатты ашылуы болып өтті. Онлайн/офлайн форматтағы салтанатты іс-шараға АҚШ, Индонезия, Қытай, Тайланд, Испания, Болгария, Малайзия сияқты әлемнің 33 елінен 96 спикер қатысты.
Салтанатты іс-шара жұмысына Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының бағдарламалар мен жобалар директоры Исмаил Абдель Хамид, «Атяб Интернешнл сервис» Бас директоры Мохиб Ахмед Хан (Оман Сұлтандығы), Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулет, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бсқарма төрағасы-ректоры Тілектес Есполов және т.б. белгілі тұлғалар қатысты.
Сондай-ақ, бір топ ғалымдар мен мамандар сөз сөйлеп, өз ой-пікрлерін қосты: Америка университетінің профессоры, АҚШ Майкл Броди; Ветеринарлық клиниканың жануарларды репродукциялау жөніндегі маманы Андреа Мюних (Германия); Лейда университетінің профессоры Карлос Колинас (Испания); «Аграрлық өндіріс және консалтинг» компаниясының маманы Пауль Шобель (Австрия); Болон университетінің профессоры Альберто Минелли (Италия); Корей ұлттық аграрлық университетінің өкілі, Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы білім беру, жылжыту және ақпарат агенттігі Ли Уон Гын (Оңтүстік Корея); Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Юзеф Мосий (Польша); А.Канчева атындағы университетінің қауымдастырылған профессоры Георгиева Цветелина (Болгария); Егіншілік және көкөніс шаруашылығы институтының профессоры Джурра Карагич (Сербия); С.Демирель университетінің профессоры Айнур Гюль Қарахан Чакмакчи (Түркия); Мемлекеттік жерге орналастыру университетінің халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Василий Нилиповский (Ресей); Касетсарт университетінің профессоры Равипим Чависук (Таиланд); Қазақстандық зерттеу орталығының директоры, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің профессоры Вэй Фэн (Қытай); Д.Моторный атындағы Таврия мемлекеттік Агротехнологиялық университетінің ректоры Сергей Кюрчев (Украина).
Іс-шараны аша отырып, ректор Тілектес Есполов жыл сайын ҚазҰАЗУ-да Халықаралық қысқы және жазғы мектептерді өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өттім.
Он үшінші Халықаралық Жазғы мектептің жұмысына Америка, Еуропа, Тынық мұхит, Орталық Азия өңірлері мен ТМД-дан 33 елдің өкілдері: 96 спикер, 260 офлайн және 250 – онлайн режимде тыңдаушы қатысты. 27 спикер офлайн, 69 спикер онлайн режимінде сөз сөйледі.
Дәрістерді әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан белгілі шетелдік ғалымдар жүргізеді: Вашингтон штатының Американдық университеті (АҚШ), Корольдік тропикалық институты (Нидерланды), Шығыс Финляндия университеті, Болон университеті (Италия), Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті (Польша), Лейда университеті (Испания), Путра университеті (Малайзия), университет Сулейман Демирел (Түркия), солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (Қытай), Тайланд университеті және т.б.
Халықаралық жазғы мектеп – жыл сайын өткізілетін ең белсенді және ірі жобалардың бірі. Негізгі мақсаты АӨК дамыту саласында жаңа білім мен инновациялық технологияларды беру, сондай-ақ отандық білім мен ғылымды халықаралық кеңістікке интеграциялау болып табылады.
Аграрлық білім мен ғылымның көшбасшысы бола отырып, ҚазҰАЗУ осы оқу платформасын құрды, онда бүкіл әлемдегі аграрлық саланың жетекші ғалымдары жас ғалымдармен тәжірибе мен білімдерімен бөліседі. 2022-Халықаралық Жазғы мектеп офлайн режимде өтеді, онда қатысушылар жаңа білім алып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инновациялық технологиялармен таныса алады. Әзірленген білім беру бағдарламасы арнайы пәндер бойынша 5 ECTS алуға мүмкіндік береді. ISS-2022-нің бірегейлігі – оны ұйымдастыруда интеграцияланған тәсіл қолданылады.
Мектеп бағдарламасына білім алушылардың кәсіби және тұлғааралық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәрістер, мастер/тренинг-сыныптар және дөңгелек үстелдер енгізілген. Жазғы мектеп оқытушыларының командасы ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардан – жетекші ғалымдардан, салалық ҒЗИ мен өндіріс өкілдерінен құрылғанын атап өту қажет.
Қатысушыларды агроөнеркәсіптік кәсіпорындарға онлайн-турлар күтіп тұр. Жазғы мектептің жұмысына АӨК саласының белсенді зерттеушілері тартылды.
Биыл жазғы мектеп 13 бағыт бойынша өтеді: «Табиғи ресурстарды бағалау және басқару мәселелері», «Жасыл экономика», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Жер және орман ресурстарын басқару», «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару», «Органикалық жеміс-көкөніс шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау», «Технология мал шаруашылығы өнімдерін өндіру», «Биологиялық қауіпсіздіктегі ветеринария», «Агроөңдеу технологиялары», «Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқару», «Агробизнес», «Топырақтану, агрохимия және экология», «Клиникалық ветеринария».
Бұл мектептің бірегейлігі – ол екі жылдық коронавирустық пандемиядан кейін офлайн форматта өтеді. Мектепті ашу ірі халықаралық іс-шаралармен тұспа-тұс келді.
8-9 маусымда жоғары деңгейдегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Халықаралық форумы өтеді. Форумның пленарлық отырысы 75 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының «Ғылым Ордасы» қабырғасында өтеді.
Академиядағы салтанатты жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат прогресіндегі ғылымның рөлін ерекше атап өтті. «Академия ғылыми ойдың орталығына және сараптамалық қызметті жүзеге асыратын беделді құрылымға айналуы тиіс. Біз үшін оның рөлін арттыру өте маңызды. Осыған байланысты Академияға мемлекеттік мәртебе беріліп, ол бюджеттен қаржыландырылатын болады. Іске асырылып жатқан міндеттермен қатар ол ғылыми зерттеулердің басым салаларын айқындайтын болады».
15 маусымда «Зерттеу университетінің Қазақстандық моделі – дамудың 20 жылдық тәжірибесі» Форумы және ТМД жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Ұлыбританияда жарық көрген «Зерттеу университетінің Қазақстандық моделі», «ҚазҰАЗУ – дұрыс тамақтану және қоршаған орта саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші университет» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері үш тілде өтеді.
Осы форум аясында өтетін тағы бір ауқымды шара – 2023 жылғы QS бас рейтингісінде жоғары орындарға ие болған 14 қазақстандық ЖОО-ға естелік белгілерін табыстау рәсімі. Сыйлықты QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Христолюбов Сергей Владимирович өзі табыстамақ.
Біздің университет биыл 70 позицияға көтеріліп, 481 орынға ие болды. «Ауыл шаруашылығы және орман ресурстары» бағыты бойынша пәндік рейтингте ЖОО алғаш рет топ-401 құрамына кірді.
Сондай-ақ, жазғы мектеп тыңдаушылары үшін АҚИҰ халықаралық форумы спикерлерінің және ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының проблемалық дәрістері ұйымдастырылады. Әр бағытқа тәжірибелі ғалым кураторлар бекітілген.
Барлық тыңдаушылар арнайы пәндер бойынша 5 ECTS алатын болады.
Жазғы мектеп кезеңінде 72 сағат көлемінде оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары, халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына қатысушылардың мақалаларын жариялау, «Стартап жобалар» конкурстарын өткізу көзделген. Халықаралық жазғы мектеп-2022 қатысушыларының командалары арасында волейболдан жолдастық турнир өтеді.
«Осы екі апта біз үшін өте мазмұнды және қызықты болатынына сенімдімін. Халықаралық Жазғы мектептің қатысушылары Инновациялық орталықтарда, университеттің және ғылыми ұйымдардың зерттеу зертханаларында, озық шаруашылықтар мен кәсіпорындарда білім алып қана қоймай, қаламен танысып, театрларға, мұражайларға, көрмелерге және басқа да көрікті жерлерге бара алады. Жазғы мектеп жұмысына белсенді қолдау көрсеткені және қатысқаны үшін шетелдік әріптестерге, ЖОО ректорларына, барлық ғалымдарға, басшылар мен мамандарға ерекше алғысымызды білдіреміз, – деді ректор Тілектес Есполов.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
Фото М.Ботабеков