Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
26.8 C
Almaty

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

More

    Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

    0

    Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Президент ресми сапары барысында Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатқаны үшін Иордания көшбасшысына алғыс айтты. Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.

    Сапар аясында 10 құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар Иордания музейін аралап көрді.