ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ 10 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ

0
184

Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап 11 бағдардан бөлек барлық пойыздардың билеттері 10 пайызға қымбаттады. Бұл туралы «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның Баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты бойынша 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқаларының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Билеті қымбаттамаған бағдарлар мыналар:

№ 085/086 «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш»

№ 021/022 «Қызылорда – Семей»

№ 313/314 «Атырау – Маңғыстау»

№ 339/340 «Павлодар – Пресногорьковская»

№ 373/374 «Алматы – Жезқазған»

№ 377/378 «Алматы – Маңғыстау»

№ 603/604 «Нұр-Сұлтан – Арқалық»

№ 085/086 «Қарағанды – Сарыағаш»

№ 021/022 «Алматы – Семей»

№ 22/6941/6942/21 «Алматы – Достық»

№ 339-55/56-154 «Павлодар – Қызылорда».

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here