Саламат САДЫҚОВА: «Мен өз тағдырыма байланысты әндерге басымдық беретін әншімін»

0
8758

Ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған айыр қалпақты ағайынмен рухани байланысымыздың тарихи тамыры тым тереңге кеткені белгілі. Сондықтан, «қазақ-қырғыз – бір туған» дейміз. Екі ел арасындағы мәдени байланысымызды жалғастырып келе жатқан жанның бірі – қазақ-қырғыз мәдениетіне ортақ тұлға, Қырғыз Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Тоқтоғұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Саламат Садықованың сахна сыртындағы сырын төменде жариялап отырмыз.

«ТЕАТР САХНАСЫ МАҒАН ҮЛКЕН ӨНЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ»

Саламат Момынқызы, барлық балалар секілді бала шақтан болашаққа аттандыңыз. Сырласуымызды сол бала күннің сәулелі сәттерінен бастайықшы. Бір ғасырлық тарихы бар «Qazaq» газетінің оқырмандарына балалық шағыңыз, ата-анаңыз туралы айтып беріңізші

– Алғашқы сөзімді алғыс айтудан бастауды жөн көріп отырмын. Бір туған бауырлас елдің, бүтін қазақ халқының атынан маған жолдаған сауалдарыңызға алғысым шексіз. Тамыры терең, тағылымы мол, тарихы бай, қазақ баспасөзінде өзінің салмақты орны бар ата басылым саналатын «Qazaq» газетінің оқырмандарын және осы басылымның өркендеуіне үлес қосып жүрген редакция ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Газет арқылы мыңдаған оқырманға менің жан сырымды, өнер жолымдағы құпиялармен бөліскелі отырсыздар. Бұл мен үшін зор қуаныш әрі маған шалқар шабыт сыйлайды!

Сұхбатымыз менің көпшілікке таныс әрі бейтаныс балалық шағымнан басталғанын қалап отырсыз. Мен Баткен облысында жарық дүниеге келдім. Жалпы, менің балалығым өнерде жүрген өзге өнерпаздардікіне мүлде ұқсамайды. Әркімнің балалық шағы әртүрлі болады ғой. Ол сонысымен де қызық, сонысымен де ұмытылмайды. Бір қарағанда, балалық шағым қызықсыз әрі қанық бояулары аз болып көрінуі мүмкін. Өйткені, әке-шешесіз өмірге бейімделуге, өмірмен күресуге тура келді. Жетім өстім. Әкем Момын мен ес білмей тұрып, екі жарым жасымда дүниеден өтіпті. Ал, анам Мәрия бар-жоғы 26 жасында көз жұмды. Осылайша, анамнан сегіз жасымда айырылдым. Осы сәттен бастап өмірімнің ең қиын кезеңдері басталды. Әркімнің қолында, әр босағада ата-анасыз өстім. Бір сөзбен айтқанда, менің балалық шағым өте ауыр болды. Өз бетіммен еңбектеніп, соның нәтижесінде талантымды ұштап, бүгінгі деңгейге қол жеткіздім.Қазір туған жеріме үлкен мерекелерде ғана тым сирек барамын. Өйткені, ол жақта жақын туысым жоқ.

Он сегіз жасымда Таластың Кара-Буура ауданына келін болып түстім. Жанымды жадырататын бір жәйт, өкіл әке-шешем – қазақтар болды. Жас кезімде Тараз қаласына жиі баратынмын.

– Еңбек жолыңызды театр сахнасын бастапсыз. Тыңдарманның көңілінен шығу оңай емес. Сізді көп қиындықтан жол таба білген тұлға ретінде де танимыз…

– Мен қазіргі «Ән ханшайымы» атанған дәрежеге дейінгі кешегі өткен жолдарыма мойын бұрып қарасам, алған асуларым мен сан қилы соқпақтарым сонау 9 жасымда «Ана жөнінде баллада», «Коммунизм оттары», «Наманган алмалары» сияқты әндерді орындап, мектепаралық, аудандық конкурстарға қатысып әрдайым лауреат немесе жеңімпаз болып жүруден басталған екен. Кейінірек «Қыз бала – ырғытқан тас» дегендей, 18 жас тұсында таластық жігітке тұрмысқа шықтым. Қазіргі Қара-Бура ауданының Сұлу Маймақ ауылындағы келіндік жылдарым да мен тұрмысқа әбден шыңдады. Өзім жетім қыз болып өскендіктен Баткеннен Таласқа тағдыр қосып өмірлік жарым Тұрғынбектің жылы да жайдары мінезінің арқасында жасыратыны жоқ, жөн-жоралғы, әдет-ғұрыпты бабымен ұстанатын дәстүрі бөлектеу қайын жұртыма да үйренуім қиын болған жоқ. Осылайша, тұрмыстың бірде тәтті, бірде ащы күндері өз кезегімен өтіп жатқанда әне-міне дегенше дүниеге екі қыз келді. Үлкен қызым Құндыздың есімін қайын атам өзі қойды. Екінші қызым туғанда мен таңдаған – Махаббат есімін қойдық. Шырындай тәтті, мінездері мақпалдай екі қызым білімге ынтық, иманды, ибалы болып өсіп, оқуларын өте жақсы тамамдады. Бірақ, мен сахнадан тыс өмір сүре алмайтындықтан жолдасыммен өзара келісіп, ешқандай кикілжіңсіз түсінісіп, екеуіміз екі бөлек жолды таңдадық. Әрине, екі қызым да жаңадан мектеп табалдырығын аттаған кезеңге сай келіп, оларға да оңай болмады. Сол кезеңнен бастап мен аудан орталығы Қара-Бурада «Халық театрында» жұмыс істей бастадым. Театр сахнасы маған үлкен өнерге жол ашты, қолдау білдірді. Көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдап жүрдім. Қазір сол күндерге зер салсам, менің өнерге деген шексіз талпынысым мен шалқар шабытымды ескергені болар – халық, ел ағалары еңбегімді бағалап, аудан орталығында жаңа салынған үйден екі бөлмелі пәтер сыйлады. Екі қызым мектепке бірге барып жүрді. Қыздардың әкесімен байланысымыз үзілген жоқ. Балалар ауылдағы ата-әжесіне де жиі барып тұратын.

Осы «Халық театрында» жұмыс істеп жүрген жылдары жаңадан құрылған «Жұлдыз» ән-би ансамблі жастарды, өнерге құштар таланттарды мамандығына қарамай жинап, 30-ға жуық адамның басын біріктірген болатын. Сол кездегі орталық – Фрунзеден келген арнайы мамандар кәсіби  талдау, таңдау жұмыстарын жүргізіп, хормейстер Сұлтан Юсупов менің дауысыма ерекше баға берді. Кейіннен екі ән жаздырып, шығармашылығыма қолдау көрсетті. Ол Байдылда Сарноғаевтың сөзіне жазылған «Күнім болшы», Жеңіжоқтың сөзіне жазылған «Бағы болот, турбайбы» әндерін ансамбльдің сүйемелдеуімен ел алдында орындап, халық өте жылы қабылдады. Нәтижесінде, ансамбль Республикалық конкурстың жеңімпазы болып, бірден Мәскеу, Польшадағы Халықаралық байқауларға жолдама алды.

– Бұйыртса, келер жылы жетпіс жастың белесіне шығасыз. 70 жасқа жақындағанда шығармашылығыңызды саралаған боларсыз…

– Алла нәсіп етсе, 2026 жылы жетпістің межесіне де жетейін деп тұр екенмін. Қырғыз мәдениетінің, өнерінің тұнып тұрған үлгісін, ән-күйін, ұлттық сипаттағы рухани дүниесін әрдайым жоғары шеберлікпен, зор жауапкершілікпен өзге елдерге таныстырып жүргенімді үлкен мақтанышпен айта аламын. Осы орайда талантты жетекшілерім ҚР Халық әртісі Есенғұл Жұмабаев пен қайталанбас өнер иесі Қырғыз Республикасының Халық әртісі, менің сүйікті дирижерім Рысбек Жұмақановты ерекше атап өткім келеді.

Құдайға шексіз шүкір етемін. Мен тек қырғыздың ғана емес көршілес, бір туған қазақ елінің де қызымын, сүйікті өнерпазымын. Себебі, алғашқы репертуарымдағы «Әдемі-ау», «Ауылым әнім», «Бір ауыз сөз», «Өтерсің өмір» әндері Е.Хасанғалиевтікі болса, кейіннен А.Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды», «Анашым» әндерін орындадым. Ал, М.Шахановтың «Өмір-өзен», «Ер Манастың елінде», «Елді сағыну», «Махаббаттың жазылмаған дастаны» әндерін әлі күнге дейін ерекше ықыласпен шырқап келемін. Ұлы қазақ елінің маған берген жоғары мемлекеттік марапаттары да соның жемісі деп білемін. Толассыз еңбегімнің нәтижесі болса керек биыл «Хабар» арнасының түсіріліміне қатысып, Тараз қаласында өткен Наурыз мерекесінде ән салып, қазағымның қошеметін сезініп қайттым. Ылайым екі ел арасы алыстамай, ынтымақ пен бірліктің күйі төгіліп тұрса деп тілеймін.

Қазақ-қырғыз арасындағы алтын көпірдің тұтқасы болған нар тұлғаларымыздың, көзге көрінбей, білінбей, бірақ үлкен еңбек етіп, бірлігімізге үлес қосып жүрген абзал ел ағалары Сапар Ысқақов, Мұхтар Шаханов, Махмұт Нәлібаев секілді тау тұлғаларымызға ризашылығымды білдіріп, алғыс айтқым келеді. Бұл тілектерімнің барлығы менің ғана емес, бүкіл қырғыз елінің ыстық ықыласы деп қабылдаңыздар.

«ЕЛІМНІҢ АҚ БАТАСЫ ӨНЕРДЕ ҚЫРАН ҚҰСТАЙ САМҒАУЫМА СЕП БОЛДЫ»

– Сіздің орындауыңыздағы «Қырғыз жері» әні қырғыз халқының екінші әнұраны іспеттес. Дәл осы ән Сіздің өнер жолындағы жолбастарыңыз деуге бола ма? Сол әннің тарихын айтып бересіз бе?

– «Қырғыз жері» әнін маған дейін автор жас кезінде жеті жылдай баянда (аккордеон) орындап жүрген екен. Дегенмен, автордың орындауында әннің бағы ашылмапты. Репертуарымнан орын алғаннан кейін бұл ән менің жұлдызымды жақты, ал мен әннің бағын аштым. Әннің сөзі әсерлі, рухты! Бұл әнді алғаш рет комузбен орындаған едім. Кейіннен оркестрмен орындай бастадым. Туындыға түрлі аспаптарды қосудың нәтижесінде ән мүлде басқа кейіпке еніп, түрленіп шыға келді. «Камбаркан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде әннің көркемдік деңгейін күшейтіп, тыңдарманға рух сыйлайтындай етіп шығаруда Қырғыз Республикасының Халық әртісі, бас дирижер Рысбек Жумакуновтың үлесі зор болды. Бұған қоса, әнді нақышына келтіріп орындауға кеудемдегі елім деп соққан жүрегім, отансүйгіштігім де әсер еткен болар, кім білсін…

Иә, туған елге, туған жерге деген құрметімді әніммен жеткізгім келді. Мен осы мақсатымның үдесінен шықтым. Бүгінгі таңда бұл ән автордың, менің, әнді өңдеп үлес қосқандардың мәртебесін арттырған, сый-құрмет әкелген, тыңдарманның ықыласына бөленген, халқым сүйіп тыңдайтын ақжолтай ән болып ән тарихында қалды. Алдымен Жаратқанның мені осы баққа лайық көруі, екіншіден, елімнің ақ батасы өнерде қыран құстай самғауыма, жолымның ашық болуына сеп болды деп ойлаймын.

«Қырғыз жері» әні 1992 жылдан бастап әрбір нұрлы таңда тәуелсіз еліміздің әнұранындай мәртебеге ие болып, теле-радио эфирлерінде бақыттың, шаттықтың әніндей шырқалып тұратыны рас. Негізі, өнердегі менің қолтаңбамды қалыптастырған әндерім 1986 жылдан бастау алады. Алғашында комуз   аспабымен өзімді-өзім сүйемелдеп, сүйікті әндерімді орындап, көрермен қошеметіне бөлендім. Қырғыз елінің ұлттық аспабы, киелі де қастерлі комузда халық әндерімен қоса, лирикалық әндерді де орындауды қолға алдым. Соның нәтижесінде, әлемнің түкпір-түкпіріне, Ресейге, Польшаға, Италияға, Түркияға, Германияға әндерім мені жетелеп барды. Бұдан өзге көптеген елдерде қырғыз әнін әуелеттім. Бұл менің ғана емес, елімнің де жетістігі.

«МАҒАН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ» АТАҒЫ «АВАНС» РЕТІНДЕ БЕРІЛГЕНІН ЖАҚСЫ ТҮСІНДІМ»

– Толассыз еңбек пен ізденісіңіздің арқасында бір адамның басына жетіп артылатын атақ-даңқыңыз бар. Ал, Сізге «Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағы қашан және қалай берілді?

– 1995 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюцияға сәйкес, «Манас» эпосының 1000 жылдығы тойланғанын білесіздер. Қырғыз халқының ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ауыз әдебиетінің барша байлығы, алуан жанрлары табиғи үйлесім тауып, мұра боп келе жатқан батырлық эпостың 1000 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтілді. Осы кезеңдерде бауырлас қос ұлттың – қырғыз бен қазақтың арасындағы қарым-қатынас өте жақын еді. Еларалық түрлі мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылды. Сол жылдары елші болған атақты ақын Мұхтар Шахановтың осындай басқосуларды ұйымдастыруға қосқан үлесі өлшеусіз болды (айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды, – ред.). Екі елдің ортасында ешбір қиындықтар болмай, емін-еркін араласушы едік. Қырғыздың ел ақындары Сүйүнбай Эралиев, Сооронбай Жусуев, Эстебес Турсуналиевтермен бірге мен де жоғары деңгейдегі халықаралық кештерге, салтанатты жиындарға қатысып жүрдім. Сондай жиындардың бірінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің Эстебес Турсуналиевке «Қазақстанның Халық әртісі», ал маған жас болсам да «Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағын табыстады. Бұл мәртебе, құрмет маған «аванс» ретінде берілгенін жақсы түсіндім. Сондықтан болар, талантты да білімді қазақ композиторларының көптеген әндерін репертуарыма қосып, қырғыз әндерінен артық орындамасам, кем орындап жүрген жоқпын. Мысалы, Мұхтар Шахановтың «Ер Манастың елінде», Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» әндерін, сонымен қатар, «Сәби болғым келеді», «Сағындым Алматымды», «Анашым», «Гүлдерайым» сынды өзге де әндерді орындап келемін. Қазақ елінің көреген басшысы екі елдің арасындағы ынтымақтастықты ұйытқы етіп, біздің елге ағалық қамқорлығын аямай, әрдайым арқасүйер бола білді. Ризашылығым мен алғысым шексіз. Бұл менің ғана емес, елімнің де ақжарма тілегі. Дара тұлғаға ұзақ ғұмыр тілеймін!

Қазақ жастары халық әндеріне құмар. Соңғы жылдары ұлттық өнер біздің елде қайта ұлықталып жатыр. Көптеген дәстүрлі әншілер өнер сахнасына шықты. Ал, Қырғызстанда халық әнінің халі қалай?

– Біздің ұлттық мәдениетіміздің жағдайы осыдан 30-40 жыл бұрынғымен салыстырғанда заман ағымына қарай ілгерілеп, өте жылдам даму үстінде. Дарынды жастар легі көбейіп, әлеммен терезе теңестіретін музыканттар мен ансамбльдер саны артты. Халқымыз қазіргі таңда таланттардан кенде емес. Заман ауысқан сайын өзінің озық таланттары мен дарындылары сап түзейді емес пе?!  Ілгеріректе, яғни, 60-70 жыл бұрын өнердің кез келген саласы болсын, операда да, жазба поэзияда да сол саланың өкілдерінің аттарын санамалап қана білетінбіз. Ал қазір әншілеріміз де, күйшілеріміз де, қаламгерлеріміз де көп. Өкінішке қарай, өнерпаздардың көбейгені сонша, өнер адамдары өз тұрмысы үшін, қаражат үшін кез келген ортада ән салып, күй шертетін деңгейге жетті. Мәдениетіміздің айнасын кірлетіп, өрнегін бұзып жатқан шоу-бизнестегі кейбір жандардың әрекеті қытайдың жылтырағындай, арзан матасындай саудаға айналып бара жатқанын да ұмытуға болмайды.

– Біздің білуімізше, отыз жылдан астам уақыт Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз Мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған «Камбаркан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде өнер көрсетіп келесіз. Аталған ансамбльдің бүгінгі тынысы қандай?

– Бұл ансамбльдің құрылғанына қырық жылға жуықтады. «Камбаркан» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің құрылуының өзі қызық. Сол кезде «Ұлттық үн» деген атаумен кастинг жарияланып, іріктеуден топ жарып шыққан мен осы ансамбльдің тұңғыш әнші-солисті атандым. Ансамбліміздің тұсауы игілікпен кесіліп, биік белестерді бағындырғанымызға қуаныштымын. Бәрі де еңбектің жемісі. Ансамбль ұжымы осы уақытқа дейін Еуропаның бірнеше елінде, Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Сауд Арабиясында, Оңтүстік Кореяда, Түркияда, бір сөзбен айтқанда, дүниенің ең мықты сахналарында өнер көрсетіп, жарты әлемді тамсандырды.

– «Жаңбыр төкті» («Жамгыр төктү»), «Адасқан   жаңбыр» («Адашкан   жамгыр») әндеріңіз тыңдармандарыңыздың ықыласына ие. Жаңбырмен жиі сырласатын секілдісіз. Осы әндердің жеке өміріңізге әсері болды ма?

– Иә, менің репертуарымда «Жамгыр», «Жамгыр калсын эсимде», «Адашкан жамгыр», «Армандуу дуйно» сынды лирикалық әндер бар. Бұл әндер бекерден-бекер көмейіме қонбағаны да рас. Мен өз өміріме, тағдырыма байланысты әндерге басымдық берген әншімін. Оның басты себебі, мен бүкіл өмірімді өнерге байлап, әнді серік етіп, өкінішке толы көңілімді, сәулелі өмірімді әнмен әрлеп ғұмыр кешіп келемін. Менің жан сырым осы.

«КЕЙІННЕН ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫМ СИРЕЙ БАСТАДЫ»

– Жоғарыда айтқанымыздай, Сіз Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісісіз, бірақ соңғы кездері қазақ сахнасынан сізді сирек көреміз. Қазақстан қалаларында ауқымды концерт өткізу жоспарыңызда бар ма?

– Қазақстанның ең ғажайып қаласы Алматыға алғаш барған 1988-1989 жылдар әлі есімде. Қазақ елінің әнді терең түсініп, жүректеріне жақын қабылдайтыны соншалық, тыңдармандарым ыстық ықыластарын сездіріп, ду қол шапалақтарымен құрмет көрсетіп, құшағымды гүлге толтырғаны да есімнен кетпейді. Бұл бір ұлттың мәдени сауаттылығы мен өнерге деген құрметінің дәлелі.

Алғаш қазақ еліне барған жылдары қазақ әншілерінен ешкімді танымайтынмын. Сондықтан болар, қазақ әншілерінен жақын достарым болса деп армандап жүрдім. Ол күндер де алыс емес екен, қазақ әншілерінің көбісімен танысқанымыздың нәтижесінде, бүгінде өте жақын қарым-қатынастамыз. Кейбіріне жан сырымды, жүрегімде болып жатқан күйлерді, өмірімнің құпияларын да айттым.

Кейіннен Қазақстанға сапарым сирей бастады. Мұның басты себебі, пенделердің көре алмаушылығы мен өсек-аяң, пендешілік еді. Өнерпаз атаққа ие болғаннан кейін оның соңынан түрлі сөздер ереді екен. Бұл заңдылық шығар, бәлкім. Осылайша, қазақ еліне барар жолым жабыла берді. Сырт көзге күліп, жадырап-жайнап жүрсем де, ішкі жан дүниемде ешкімге айта алмаған сырға толы он жылым тез өтіп кетіпті. Осы он жыл аралықты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың:

«Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады», – деген өлеңін жиі қайталаумен өткіздім.

«Алматыда жеке концертімді өткізсем» деген асқақ арманым солай көңілімнің бір түкпірінде қала берді. Әйтсе де, сүріндім, жығылдым, қайта тұрып, жеңіс пен жеміс толы жылдарға қарай бет түзедім. Бәріне, барына шүкір. Ең бастысы, мен киелі сахнада, қастерлі өнер жолында адал еңбек етіп келемін. Өз жолымнан адаспауға, ақиқат жолынан жаңылмауға серт бердім.

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы емес пе?! Олай болса, бар ақыл-ойымды, еңбегім мен талантымды бабалар салған сара жолды жалғастыруға жұмсауға тиіспін. Мен ғана емес, кез келген жан осылай ойласа, біз рухани байимыз, мәдениетіміз дамиды. Бастысы, екі елдің арасында бірлік, ынтымақ жоғалмасын. Бірлік болған жерде ғана тірлік болады, суық қыстан көктемге, мамыражай жазға бағыт алып, түрлене түседі.

Алдағы концертімде менің қуанышымды бөлісіп, әрдайым қолдау білдіретін жандарды, ақкөңіл қазақ халқын күтемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Саламат Момынқызы, сахна сыртындағы сырыңызға алғыс айтамыз!

Сұхбаттасқандар:
Қали ҚАМБАРОВ, Әлия ІҢКӘРБЕК,
«Qazaq» газеті

ЫР ХАНЫША
(Кыргыз эл артисти Саламат Садыкованын портретине штрихтер…)

Саламат Садыкова… Бу ысым ар бир кыргыз баласынын жүрөгүндө жашап келет. Анын ырлары кан тамырда чуркаган жашоонун белгисиндей терең сиңип кеткен. Көп жылдан бери Саламат эжени жакшы билгенденби, анын ырларын көкүрөк менен туюп келген адам катарыбы… дилде уюп келген а тууралуу сөздөр бар эле. Чындыгында Саламат Садыкованын ырларысыз кыргыз жашоосун элестетүү кыйын. Ыры жашоого айланган ырчынын өмүрү да ырдан турган улуу баянга айланып кеткен…

Адам ырды да, авазды да, сезимди да табияттан алат. Ошо табиятка жан дили сиңип кеткен ырчыны андан бөлүп карай албайбыз, анткени анын таланты ошол табияттын бир тамырындай рух денебизге жайылып кеткен…

Саламат Садыкова биздин доордун образын, дүйнөтаанымын чагылдырган түшүнүккө айланып кетти…

Ыр ааламынын ханышасы жөнүндө эки ооз сөз кылууну анын өнөрүн аздектеген адам катары парзыбыз деп туябыз…

Саламат Садыкова тууралуу сөз учугун баштарда эң оболу мындан бир нече жыл мурдагы турмуш штрихтери келет…

* * *

… Лос-Анджелес. 2008-жыл.

Америкага иш сапар менен барып Америкада жашаган кыргыздардын сыйын көрүп жатканбыз. Түн ортолоп калган. Кечедегилердин көпчүлүгү – аялдар. Кыргыз кыздар кээлери күйөөлөрү менен, айрымдары бойдок. Баары очор-бачар орун таап, америкалыктардын жашоосуна ыңгайланышып, кээде Кыргызстандан келген коноктордун шарапаты менен минтип чогулуп да калат экен. Ортодо сөздөр айтылып, тилектер айтылып, бир аз “кызып калган”соң кыздар ырдай баштады. Ырлардын саптары эсинен чыгып калганбы, жарымдап барып эле үндөрү басаңдай түшөт. Алардын ырларында адам туйгус улуу кусалык бар эле… ал булак көзү жарылгандай сыртка чыгып жатты…

Бу аялдардын арасында кыргызстандык бир орус орто жаш аял бар болчу. Америкалыкка күйөөгө чыккан. Бир маалда ал кол сумкасынан флешканы алып чыгып, радиого койду. Радиодон Саламат Садыкованын аткаруусундагы “Кыргыз жери” жаңырды. Кыздар баары Саламатка кошулуп ырдай баштады. Ыр барган сайын күчөп, кайрымага келгенде ырдабай угуп отургандар да кыңылдап кошулуп калат. Ырдын акыркы куплетине келгенде баягы кыргызстандык орус кыздын көзүнөн жаш атып чыкты. Ал “Кыргызстанды сагындым” деп эчкирип ыйлап жиберди. Саламат Садыкованын обонун коштоп ырдап жаткандын баары орус аялга кошулуп ыйлап кирди. Мен таң калдым. Баары бири калбай көзүнө жаш алды. Бул көз жашта алыскы Кыргызстанга болгон сагыныч, кусалык, жүрөктөн сызылып чыккан муң да, арман да бар эле. Кыздар ырдын акыркы куплетине жетпей, бири-бирине ийин коюп ыйлай баштады. Өз жеринен алыста жүргөн адамдын ыйы ушунчалык башкача, аны өздөрүнөн башка эч ким түшүнбөгөндөй ый, эч бир жан аны түшүнүп болбогудай ый болоорун ошондо сездим. Ырдын акыркы сабы, кайрымасы сезимди сагынычка салып, үйүнөн алыска чыкканына бир жума айланбаган бизди да кусалыкка салып кетти…

Ырдын улуулугу Саламат Садыкованын авазында турду…

* * *

Баягы чыканактай кыз – Ыр пирине, ыр сахнанын ханышасына айланды… Бир кезде самолеттун терезесинен тээ бийиктикке ойлуу карап, бир сырдуу кыз дүйнөнү дүңгүрөткөн ырчыга айланарын эч ким байкаган эмес эле…

Бүркүттүн тууру – бийиктик. Биз анда ошол бийиктикке качандыр бир убакта ушул чыканактай кыз чыгып келээрин эч кимибиз капарыбызга алган эмеспиз…

…Париж, Москва, Нью-Йорк, Токио, Пекин, Стамбул…

Ал бүгүн миллиондогон жүрөктөргө ыр-уя салып, жүрөктөрдү аргендей тунук обону менен багынтып алды.

Өнөрдүн кут очогу – жүрөк.

Ошол кез… мага элес-булас кайтып келди. Ошол кайтып келген мезгилдин миң канаттуу каркырасы Саламат Садыкованын ыры эле…

* * *

Адамдын өмүрүндө тагдыр сынаар мезгил болот.

Өнөр адам тагдырына дүркүрөгөн кол чабуулар, овациялар, кабат-кабат букеттер, чырк-чырк эткен фотоаппараттын “вспышкасы” гана эмес… айланган тоонун бүркүтүндөй сызда отуруп калган мезгил да туш келет турбайбы. Булбулдун үнүн өчүрөм деп, беймаза ойду карманган киши сөрөйлөр да чыгат турбайбы… бу аласы көп адам арасынан… Бир учур келди…буюккан булбулдун үнү угулбай, капас тагдыр бешенеге жазылды. Концерттерден ысмы сызылып, катардан четтетилди… булбулду бийлик башындагылар түшүнбөй калды. Ырдайм деп бу дүйнөгө жаралган булбулга бир жараткандын гана алы жетпесе, башканын чаркы да жетмек эмес. Жел тегирмен парасына чайналып жолдо сандалып калаарын сезбеген арзыматтар чыкты… арадан.

Булбулду сайрасын деп жараткан өнөр ыроолойт… Ошондо да, ыр абийрин, өнөр намысын өйдө койгон ырчынын үнүн эч ким бууй алган жок. Кайрадан болоттой курчуп, хандан-бектен жалтанбаган ырчынын авазы таңшый берди. Ал акыры баарын жеңди. Мокотобуз дегенде курчуду, сындырабыз дегенде чыйралды, ооздуктайбыз дегенде оболоду… Бир да кабак кашым дебей, кол куушуруп жүгүнгөндөн көрө башты өйдө көтөрүп, сынган да жок, сыры да кеткен жок. Ушундай мүнөз Саламат Садыкованы инсандык баралга жеткирди.

* * *

Ырчынын баары ырдайм деп келет, бирок ошол ырда анын тагдыры жашаш керек…Арманы да, арзуусу да, кайгысы да, кубанычы да, муңу да, муюбас мүнөзү да… Саламат Садыкова ушунун баарын өз башынан өткөрдү. Алар азыр кайда, Саламат кайда?.. Саламат Садыкова эл жүрөгүндө…

Ал доордун авазына айланды.

* * *

Бир сапар Саламат Садыкованын чыгармачыл кечеси болуп калды. Мен сүйлөмөкмүн. Эмнегедир сөз сүйлөсөм, сөзүм жетпегендей, оюм жетпегендей туюлду мага. Эженин кечесинде ыр менен сүйлөйүн дедим… Аты таанымал акындардын ырын издедим. Бирөө да негедир оюма топ келбеди. Өзүм жазып көрсөмбү дедим да, ыр саптарга арбалдым. Ыр саптары куюндай ала салып өзү келди. Бирдекиде ыр жазбаган адамга шурудай тизилип саптар келди. Кечинде ал ырымды чоң сахнага чыгып окудум. Эжеге да, эң башкысы элге да жакты. Ырымдын соңунда шатыраган кол чабуулардын толкуну арбады.

Ыр болуп, бороон болуп, алып уччу,
Ырыңда түбөлүктүн жаны турат,
Кыргыздын кыйыр билбес авазысың,
Обондон уя салган жүрөктөргө,
Ырыңда алаканга баткан аалам,
Сүйүүнүн жан урааны аткан таңдай,
Сезимде муза ойноп, ыргак бийлейт,
Кыл учу махабатка түнөк каткан,
Бу жарык түйүлдүгү авазыңда,
Таң согот ырың менен тең жарыша,
Ааламда ыр кураган обондордон,
Көөдөн ээлеп, оболойт ыр ханыша,
Авазың Кудай берген ыр аманат,
Ырдасын, ыр периси, бу – Саламат!
Дүйнөнү түгөл каптап ыр Саламат,
Ырдасын, ырдын пири, бу – Саламат!
Жаңырат жүрөктөрдө мүлдө муза,
Ырдасын, ыр паашасы! бу – Саламат!

* * *

Ар бир доор адамга таандык. Доорду адамдар жаратат, алар доордун күзгүсүнө айланат. А, балким кыргыз коомун, кыргыз доорун Саламат Садыкованын ырларынан айрып алгыс түшүнүк жоктур. Атай, Мыскал, Муса, Канымгүл сыяктуу улуу ырчылар да өз доорунун үнү, өз доорунун символу болгон. Ал мезгилди бу ысымдарсыз түк элестетип болбойт. Мезгилдин образы, духу ушул улуу инсандардын ырларында, ал ырлар кыргыз жүрөгүн түбөлүк уялап өлбөс-өчпөс жашап калды…

Адам доор. Ушул түбөлүктүү түшүнүктөрдө жашайт. Үн. Ыр… Бу эки ыйык түшүнүк Жараткандан берген улуу таберик. Жаратканым ырчыга ошол үн менен, ыр менен пенденин жүрөгүнө асылдыктын нурун, адамдыктын угутун, жашоонун өзүн ыроологон. Ошол жарык Саламат Садыкованын дилинде ыр болуп жашап келет, адамдын да, ааламдын да башталышындай жашап келет…

Ыр… ушул кыска сөздө улуулук жашайт, ошол улуулукта адам жашайт, Саламат Садыкованын өмүр-жашоосу да ыр сыяктуу түбөлүктүн конгуроосундай ар бир адамдын жүрөгүнө улуу тирүүлүктүн шооратын кагып келет.

Обон түбөлүктүү, анткени аны түбөлүктүүлүккө айланткан таланттын да өмүрү түбөлүктүү…

Султан РАЕВ,
Кыргыз эл жазуучусу

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here