Үздік тергеушілер мен анықтаушылар академия түлектеріне бағыт-бағдар берді

0
615

Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясында Қазақстанның үздік тергеушілері мен анықтаушылары бас қосты.

Сонымен, жиында 2019 жылдың ең үздік тергеушісі – Алматы қаласы полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Сабыржан Сексенбаев, ал ең үздік анықтаушы – Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Әскербек Мұхамбетқалиев атанды.

Төле бидің «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген даналық сөзін өз жұмыстарында үнемі ұстанатын үздік құқық қорғау қызметкерлерінің республикалық слетінің аталған академияда өтуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені, негізі 1969 жылы қаланған академияда болашақ құқық қорғау қызметкерлері оқиды. Ал, осы саланың үздік мамандарын көзбен көру олардың болашағына бағдар береді. Оның үстіне республикалық слеттің делегаттары академия студенттерімен арнайы кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сабақтарын өткізді.

Айта кетейік, Қазақстандағы бес жоғары оқу орындарының ішінде бакалавриат жүйесі бойынша болашақ тергеушілерді осы Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы ғана дайындайды. 51 жылдан бері аталған академияны құқық қорғау саласының 22 мыңнан астам қызметкері аяқтады.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ, «Qazaq»-тың шолушысы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here