Нәдия Ахметова: «Ауруханаға түскендердің 98%-ын екпе алмағандар құрайды»

1
1326

Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Нәдия Ахметова «Aqjaıyq» телеарнасының тілшісіне «қызыл» аймақта тұрған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде пікір білдірді.

Басшының мәліметінше, бұрынғы ғимараттағы стационар мен жаңа модульдік стационарда коронавирус жұқтырған 298 науқас ем қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, соның 29-ы жан сақтау бөліміне түскен. Сонымен қатар, 17 жүкті әйел, 2 жаңа босанған әйел және 14 бала бар.

«Коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатқанымен, жағдайы өте күрделі науқастар көп түсіп жатыр. Ауруханаға түскендердің 98 пайызын екпе алмағандар, ал жан сақтау бөлімінде, яғни өмір мен өлімнің арасында жатқандардың бәрін вакцина салдырмағандар құрайды», – деп нақтылады Нәдия Ахметова.

Сонымен қатар, инфекционист-дәрігер коронавирус өршіп тұрған уақытта денсаулығына салғырт қарайтын жүкті әйелдердің көптігіне де алаңдаушылық білдіріп, оларды карантиндік талаптарды сақтауға, көпшілік жерге бармауға шақырды.

Айта кетейік, жыл басында Орал қаласында жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Құрылысына 7 млрд теңге жұмсалған нысанның жалпы аумағы 7 мың шаршы метр. 200 орындық ауруханада ота жасау залдары, ультрадыбыстық зерттеу және рентген аппараттары бар. Сондай-ақ, үш ПТР зертхана ашу жоспарланған. Науқастардың саулығын қадағалау үшін әр палата бейнекамерамен жабдықталған. Осы мекемені Нәдия Ахметова басқарып отыр.

1 пікір

Токио-2020: Парадзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль алды | Qazaq газеті үшін пікір үстеу Жауапты белгілеу

Please enter your comment!
Please enter your name here