Н. Жұмажанов: «Оттегінің қосымша көмегін қажет ететін науқастар ауруханада емделуі керек»

0
1144

Павлодар қаласындағы №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жұмажанов жергілікті «ERTIS» телеарнасының тілшісіне екпеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Вакцинация тақырыбы бойынша халық арасында көптеген сұрақтардың туындап жатқаны рас. Көп сұрақтардың ішінде ең негізі екі сұрақ бар. Біріншісі – екпенің қауіпсіздігіне, екіншісі – екпе алу немесе алмауға қатысты сұрақ. Дәрігер ретінде айтарым, екпені міндетті түрде алу керек. Коронавируспен күрестегі тиімді жол осы. Сонымен қатар, екпе індеттің таралуына тосқауыл қояды. Сақтық шараларын да сақтаудың маңызы зор. Сондықтан сақтанғанды сақтайтынын ұмытпағанымз абзал», – деп санайды Нұрлан Жұмажанов.

Бас дәрігердің айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру да өте маңызды. Мысалы, өзі басқаратын ауруханада мыңға жуық қызметкер болса, екпе алуға қарсы көрсетілімі жоқ 985 қызметкердің 937-сі екпе салдырған екен.

«Қазір халықтың көбі үй жағдайында емделіп жатқаны рас. Бұл пневмониядан емделіп шығуға болады. Класификациясы бойынша адамның өкпесі 30%-ға дейін пневмониямен зақымдалса, ондай науқастарды үй жағдайында емдеуге болады. Егер дене қызуы 5 күннен асып, өкпенің зақымдануы 50 пайыздан жоғары болса және науқасқа оттегі жетпей, сатурациясы 93-тен төмен болса, олар ауруханаға жеткізілуі керек. Одан бөлек ентікпесі 24-тен жоғары болса ол науқастар аурухана жағдайында емделеді. Сондай-ақ, оттегінің қосымша көмегін қажет ететін науқастар да ауруханада емделуі керек», – деп пікір білдірді Нұрлан Жұмажанов. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here