Семей жастары түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0
257

Қазан айының 19-22 аралығында «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Семей Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі «Ауыл жастарын қолдау» жобасы аясында облыстың 7 ауданына барып жұмыс жүргізді. Жоба аясында облыстық жұмыс тобы құрылған болатын. Топқа ішкі саясат, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, дін істері, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармаларының және «Атамекен», «Даму», «Отбасы банк» мекемелерінің мамандары кірді. Сонымен қатар топ құрамына ҮЕҰ-дар мүшелері ауыл жастарына түрлі бағытта треннингтар мен мастер класстар өткізу үшін қосылды.

Облыстық жұмыс тобы Бесқарағай ауданы Башкөл ауылы, Бородулиха ауданы Петропавловка ауылы, Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылы, Ұлан ауданы Жанұзақ ауылы, Алтай ауданы Полянское ауылы, Қатонқарағай ауданы Қатон-қарағай ауылы және Глубокое ауданы Болусовка ауылында болып төрт алаң бойынша жұмыс жүргізді. Бірінші алаң диалогтық алаң ретінде құрылып мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы мекеме мамандары ауыл жастарына бағдарламаларға қалай қатысу керек, мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы ақпарат беріп, ауыл жастарының ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады. «Отбасы банк» мекемесінің мамандары тұрғындарды үймен қамту бойынша жекелей консультациялар өткізді.

Осы мақсатта екінші алаң ретінде жеке консультация беру жұмыстарын теолог, психолог, гинеколог және уролог мамандар жүргізді. Тұрғындарды жекелей қабылдау арқылы арнайы кеңестер беріліп, алдағы уақытта бар мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Үшінші бағытқа сәкес білікті тренерлер кәсіпкерлікті дамыту, жобалық менеджмент, ұйымды басқару, SMM, жеке брендті таныту, мобилография және командалық жұмыс тақырыбында тренингтар өткізіп жастарға арнайы сертификаттар табыстады. Төртінші бағытқа сәйкес өз саласында жетістікке жеткен, тәжірбиелі мамандар ауыл жастарына мастер класстар өткізді. Жекелей айта кететін болсақ пікірсайысқа кіріспе, клубтарды дамыту, дебат форматтары, жеке кәсіпті әлеуметтік желіде танымал ету, бейнематериалдарды түсіру және дайындау, көшбасшылық қабілетті арттыру тақырыптарында оқыту ұйымдастырылды. Пікірсайыс тренері екі ауылда дебат клубын құру және үш ауылда клубтарды дамыту бойынша кеңестер айтылып, алдағы уақытта менторлық көмек керсету бойынша келісімге келді. Жалпы төрт алаң бойынша 485 жас қатысып ақпарат алса, жеке консультациядан 70-ке жуық жас өтті.

Жоба аясында ауылдық жерлер мен жастарды алаңдатқан мәселелер жазылып алынды және жоба талабына сәйкес тіркеу журналына толтырылды. Ұсыныстар мен сұрақтар жинақталып облыстық өкілетті мекемелерге ұсынылатын болады. Жоба қараша айының ортасына дейін облыстың қалған аудандарына да жұмыстарды ұйымдастыру үшін баратын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here