Павлодарда қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңке-фестивалі өтті

0
913

Павлодар облыстық қолданбалы өнер шеберлерінің басын қосқан шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Фестиваль қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін танымал етуге, сақтауға және дамытуға, қолданбалы өнердегі қызықты эксперименттік нысандарды анықтауға бағытталған.

– Шығармашылықпен бес жылдан бері айналысып келемін. Ол былғары шілтерден белбеу тоқудан басталды. Мені ешкім үйреткен жоқ, барлығын өзім үйрендім, – дейді Екібастұздан келген қолөнерші Думан Шамергенов.

Екібастұз шебері өз шығармашылығында ат үстіндегі сарбазды, батырлардың тұлғаларын, суық және оқ ататын миниатюра қаруларды, жауынгерлік желкенді кемелерді жасай отырып, әскери тақырыпқа жүгінеді. Оның өрмекшілер, шаяндар, айдаһарлар, түрлі костюмдер түріндегі рюкзактары бар. Атап айтқанда, жәрмеңкеге шаман костюмімен келді.

Фестиваль таланттарға бай Павлодар жерін көрнекі түрде көрсетті. Шеберлер ағаштан және қайыңнан жасалған бұйымдарды, әдемі ер-тоқымдарды, қамыс және былғарыдан, сүйектен, саздан жасалған басқа да бұйымдарды көрсетті.

– Негізінен мен домбыра жасаймын, содан кейін үй керек-жарақтары, қару жарақтар мен шежіре жасаймын, – деді павлодарлық Болат Нұрашев.

Ұйымдастырушылар фестиваль кең аудиторияға қолдан жасалған бірегей бұйымдарды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар шеберлерге өз бұйымдарын сату арқылы өздерін танытуға және ақша табуға, қызығушылық танытқандар үшін музыкалық аспаптар жасау, ағаш ою, теріні көркем өңдеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here