Субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі 1 шілдеде іске қосылады

0
893

Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі 2022 жылдың 1 шілдесінде іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.

Министрлік жүйені 28 ақпанға дейін басқа мәліметтер базасымен, өңірлерде – наурыз-маусым айларында тестілеуді жоспарлап отыр.

Жүйе фермерлер үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де тегін болады. Енді фермерлер «қолдау» жүйесіне бөлген 1,2 млрд теңгенің орнына бюджеттен 135 млн теңге ғана жұмсалады. Бұдан өзге, субсидияларды алушылар мен оны жөнсіз алғандардың тізімі, сондай-ақ, субсидияларды әділ бөлуге мүмкіндік беретін алушылардың күту парағы жасалатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here