Сәулеті ерекше қонақ үй

0
2551

Son of Heaven Hotel (Күн ұлдары) – Хэбэй провинциясының Ланфан қаласында орналасқан ерекше қонақ үй. 2001 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан қонақ үйдің биіктігі – 41 метр, 10 қабаттан тұрады. Мүсін ретінде салынған әлемдегі ең үлкен ғимарат ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Сәулеті ерекше ғимарат аспан асты елінде сәттілік құдайлары саналатын Фу, Лу және Шоудың кейпінде салынған. Ортадағы қызыл киімдегі Фу – бақыт пен сәттілік, оң жақтағы жасыл киімдегі Лу – байлық пен өркендеу, ал Шоу – денсаулық пен ұзақ ғұмыр құдайы. Қытай халқының түсінігінде шабдалы ағашы жаңаруды білдіреді. Ал, Шоудың қолындағы бұл шабдалыда қонақ үйдің люкс бөлмелері орналасқан.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here