Автокөлікті бірнеше рет мемлекеттік номерсіз басқарған, жалған мемлекеттік номер орнатқан жүргізушілерге жауапкершілік күшейтіледі. Бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында айтылған. Заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенат қарауына жолданды.
Бас бетке оралу Алуан ақпарат Енді автокөлікке жалған номер тағып алатын жүргізушілер қамауға алынады