QyzPU ректоры Түркия елшісімен кездесті

0
906

Өткен аптада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма ТөрайымыРектор Гүлмира Қанай Түркия Республикасының Бас консулы Әли Риза Ақынжымен кездесті. Бұл туралы Коммуникация және маркетинг департаменті хабарлады.

Кездесуде Түркияның жоғары оқу орындарымен өзара бірлесе жұмыс істеу және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, Түркия университеттерінде Қыздар университетінің филиалын ашу, профессорлық-оқытушылар құрамын тарту және университеттің кітап қорына үлес қосу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Бейресми білім беру орталығының жұмысы аясында Түркияның Бас консулдығымен бірлесіп, түрік тілі мен мәдениеті орталығының жұмыстарын кеңейту жоспарлануда. Мұнда бейнелеу өнері, эбру, өндіріс керамикалық бұйымдарды безендіру, оқу клубы және өнер сабақтары өтеді.

Белсенді өзара іс-қимыл және іс-шараларды өткізу нәтижесінде университет студенттерінің түрік университеттерінде білім алу және халықаралық түрік компанияларына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту күтілуде.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here