2,5 пайыздық несие қашан беріле бастайды?

2
1269

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алдағы айда беріле бастайтынын айтты.

«Біздің тарапымыздан барлық шешім қабылданды. Қазір жергілікті атқарушы органдармен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен қаржы министрлігі несие келісіміне қол қойса, наурыз айында несие беріле бастайды», – деп нақтылады Ақмади Әділұлы.

Вице-министрдің мәліметінше, аталған бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 млрд теңге бөлінді. Несие кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.

Жеңілдетілген несиенің шарты:

  • номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
  • қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (ол үшін кепілдік қою керек);
  • мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығына – 7 жыл.

Айта кетейік, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол несие берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарға несие өтеусіз беріледі.

2 Пікір

Аманжол Динара үшін пікір үстеу Жауапты белгілеу

Please enter your comment!
Please enter your name here