Астана мен Бейжің арасы жақындай түседі

0
187

Осы айда «Air Astana» әуе компаниясы Астана – Бейжің арасындағы рейстерді қайта жандандырады. Қазақстандықтар Астанадан Бейжіңге 18 наурыздан бастап ұша алады. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады, ал жазда жиілік ұлғаяды. Жолаушыларды «A321LR» лайнері тасымалдайды.

2 наурыздан бастап әуе компаниясы Алматыдан Бейжіңге рейстер санын аптасына 4 рейске дейін ұлғайтады. Ал, жазғы маусымда рейстерді күн сайын орындау жоспарланып отыр. Алматы мен Бейжің арасында «Airbus A321LR» және «Airbus A321neo» ұшақтары қатынайды.

Айта кетейік, пандемияға байланысты Қытаймен әуе қатынасы уақытша тоқтаған болатын. Осыдан кейін «Air Astana» Бейжіңге рейстерді былтыр қарашада қайта жандандырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here