Йена университетінің спорт ғылымдары институты ҚазҰУ-да жазғы мектеп өткізеді

0
460

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Фридрих Шиллер атындағы Йена университетінің спорт ғылымдары институты спорт экономикасы және менеджменті бойынша жазғы мектеп өткізу туралы келісімге қол қойды.  

ҚазҰУ Германияның жетекші жоғары оқу орындары, институттары және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 21 келісімге қол қойған. Оның аясында түрлі білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобалар табысты іске асырылуда.   

Оқытушы-профессорлық құрам мен білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде және 2022/23 оқу жылында «Эрасмус+» бағдарламасы бойынша 5 бакалавриат студенті, 13 магистрант, 16 докторант Германия университеттерінде болып, түрлі конференциялар мен ғылыми-зерттеу тағылымдамаларына қатысты. География және табиғатты пайдалану, механика-математика, медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің базасында бірқатар бірлескен халықаралық ғылыми-білім беру жобалары іске асырылуда.

Кездесуде Фридрих Шиллер атындағы Йена университетінің ректоры Штеффен Тайхерт ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, университет басшылығына алғыс білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here