Алматыда оқушыларға тегін жазғы мектеп ұйымдастырылады

0
1475

Құрметті мектеп оқушылары мен ата-аналар! Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 5-9 сынып аралығындағы мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылатын «STEM kids» жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның баспасөз орталығы.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара 24-30 маусым аралығында өтеді.

Шара аясында Сіз:

  • Робототехника және компьютерлік бағдарламалау бойынша өз талантыңызды ашуға;
  • Сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерді үйренуге;
  • Қызықты химиямен танысып, тәжірибе өткізуге;
  • Өзіңізге жаңа достар табуға

Мүмкіндік аласыз!

Жазғы мектепке қатысушыларға Қыздар университетінің білікті оқытушылары мен ғалымдары курстар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Бір аптаға созылатын жазғы мектепке қатысқандарға арнайы сертификат беріледі.

Ең бастысы – бұның барлығы тегін.

Жас дос, талантыңды шыңдап, біліміңді жетілдіргің келсе мына телефондарға хабарласып, қызықты жазғы мектепке қатысуға мүмкіндік ал!

Байланыс телефондары: +7 701 338 46 56; +7 727 237 01 40.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here