Ұстаздар ұстаханасында Жазғы онлайн-мектебінің бірінші легі басталды

0
1363

Оқу процесін цифрлық және дәстүрлі форматтарда тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тестілеу орталығы 23 тамызда «Цифрлық педагог-2» Жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды. Оған дәріс оқу және мастер-класстар өткізу үшін Математика, информатика және физика институтының оқытушылар құрамы мен Тестілеу орталығының қызметкерлері тартылды. Бұл онлайн-мектепке университеттің 180-ге жуық профессорлары мен оқытушылары қатысуда.

Жазғы мектеп жұмысында көптеген тартымды онлайн-платформалар қолданылатын болады. Атап айтқанда, «MS Teams педагогикалық өзара әрекет құралы ретінде», «Қашықтық курсының педагогикалық дизайны», «MS Teams-тегі төңкерілген сынып», «Интерактивті мазмұнды құрудың цифрлық құралдары: canva.com, power point + class point», «Онлайн режиміндегі жобалық жұмыс (Квест, уақыт лентасы)», «Бақылау және бағалау платформалары: Wordwall», «Oqylyq қашықтан оқыту жүйесі».

Сонымен қатар, практикалық жұмыстар барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын зерттеуге, оқу нәтижелерін қалыптастыру мен бағалауға арналған құралдарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың көмегімен ақпарат жинақтауға және оны оқу нәтижелерімен қалай байланыстыруға болатындығы туралы біліктілік қалыптастырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here