«ҰКҚМО» (Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы) КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевпен сұхбат.
– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Есетжан Мұратұлы, Президент ұсынған бастамалардың қайсысы Сізге жақын және неге?
– Жолдауда еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің барлық салаларындағы басты мәселелерге назар аударылды. Мен қазір биылғы Президент Жолдауының мәтінінде белгілеген тақырыптарың қайсы басымырақ екендігін анықтап жатпас едім. Жалпы, Қазақстан халқына арналған кез келген Жолдау асыға күтіледі. Әркім координаттар жүйесіндегі өз орнын көріп, мына бүгін белгіленген даму векторларын түсінгісі келеді. Динамика мен үдемелі қозғалыссыз кез келген елдің, кез келген қоғамның ертеңгі күні туралы айту мүмкін емес екені түсінікті. Сондықтан, біздің үмітіміз – бұл, ең алдымен, жаңа көкжиектерге, бүгіннің жағдайы мен ертең не болатынына көз жеткізу.
Бүгінгі біздің уайымымыз жаһандық толқулардың мәселесі: пандемия, геосаясат, біздің шекарамыздың жанында орналасқан қақтығыс аймағы. Мұның бәрі ел басшылығы мен бүкіл басқару қоғамын ғана емес, сонымен бірге қоғамның өзін біз жоғары бағалайтын Тәуелсіздіктің 30 жылында қол жеткізген барлық нәрсені сақтап қалуға бағыттайды. Бұл ретте біздің мақсатымыз сақтап қалу ғана емес, қол жеткізілген нәрселерді арттыра түсу.
– Президент қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты шарттарының бірі ішкі цифрландыру болып табылатынын атап өтті…
– Өте дұрыс, бүгін біз цифрландыру әлеміне қадам бастық. Жастар мен жалпы қоғам жаңа трендтермен, жаңа дүниетаныммен өмір сүруде. Президент Жолдауында айтылған барлық сөздер – қоғамның одан әрі дамуы үшін берілген нақты нұсқаулық. Бірақ мен үшін экономикалық блок өте қызықты болып көрінді, онда Ұлттық қордың мәселелері қозғалған. Бүгінгі таңда еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуетті сақтап қалу маңызды. Бұл қор – біздің қауіпсіздік көпшігіміз, оған ұқыптылықпен қарау керек. Фискалдық органдар, өңірлік құрылымдар мен әкімдіктердің алдына бюджет қаражатын жұмсау жөнінде нақты міндеттер қойылды. Жолдаудың маңызды бағыттарының бірі – қоғамымыздың тірегі болып табылатын шағын және орта бизнеске көмек көрсету. Жаңа импульсті қажет ететін тағы бір өткір мәселе – жер қойнауы – біздің ұлттық қазынамыз. Президент жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды олардың іс жүзінде аяқталуына дейін жеткізуге шақырды.
– Президент өз сөзінде мәдениетті дамыту мәселелерін көтерді. Соның ішінде Жолдауда жыл соңына дейін талантты жастарды қолдау мәселелерінде мемлекеттік саясатты айқындау міндеттері қойылған.
– Егер кино мен мәдениет туралы нақты айтатын болсақ, мен бұл салаларға ерте жастан араласқандықтан, бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл басында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатында айтқан өте маңызды месседжін Жолдауда да естігеніме қуаныштымын. Оның мәні, бүгінгі күні мәдениетті жеке тұлғалардың қалауы мен пайдасына ғана реттеп, бейімдеуге болмайды. Мәдениет – көп өлшемді ұғым. Бұл жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға қарамастан, кез келген тұлғаның өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар либералды орта. Егер біз «жастарға жол ашатын» болсақ, онда шеберлер туралы да ұмытпауымыз керек. Бәрі де үйлесімділік табуы тиіс. Дегенмен, бүгінде уақыт бізден батыл шешімдерді талап етеді. Жастар батыл әрі креативті дамуы тиіс. Ертең әлемдік алаңдарда біздің мәдениетімізді кинематографияның қандай генералдары мен маршалдары көрсететінін білуіміз керек. Бұл жерде кәсіби дайындық өте маңызды деп санаймын. Сөз жоқ, бүгінде шетелдік оқыту орталықтарында оқу үшін біздің жас мамандарымызға барлық жол ашық, бірақ, басынан аяғына дейін ұлттық өнімді жасайтын жүйені қалыптастыру маңызды. Сондықтан мен менталитетімізде көптеген жылдар бойы сабақтасып келе жатқан ұлттық тәрбие мектебінің түпнұсқалығы мен қағидаттарын сақтай отырып жаһандық интеграциялануды қолдаймын. Кинематография үшін кәсіби кадрларды дайындау және оларға білім беру жүйесін барлық жағынан зерделеу, және оларды, дебюттен, қысқа метражды картинадан толық метражды фильмге дейін сүйемелдеу маңызды.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келетін болсақ, біз жас кинематографистердің жобаларын қолдауға тырысамыз. Мысалы, 2020 жылғы конкурс қорытындысы бойынша 39 жоба мемлекеттік қаржылық қолдауға ие болды. Атап айтқанда, жас режиссерлер түсірген 5 дебюттік фильм, 9 қысқа метражды фильм, 5 анимациялық және 4 көркем жоба бар. Ал қыркүйек айында қорғауға жіберілген байқауға қатысушылардың арасында жастар «Авторлық кино» (шамамен 75%), «Анимация»(85%) және «Кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған фильмдер» (80%) секцияларында басым.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Киноорталық танымал кинематографистермен бірге ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрылымында болған «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бойынша бастама жасап отырғанын атап өткім келеді. Біз бұл мәселе бүгінгі күні бұрынғыдан да өзекті деп санаймыз.
– «Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Бұл орайда Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
– Тарихи және әлеуметтік маңызы бар жобалардың маңызы зор екендігі сөзсіз. Олар – рухани байлықты сақтауға ықпал ететін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды тәрбиелік, рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі. Сонымен бірге, Президент өте маңызды міндет қойды – тарихи және әлеуметтік маңызы бар картиналар жергілікті көрермен үшін ғана жасалмай, әлемге түсінікті болуы тиіс.
Бүгінде нарық біздің жаңа белестерді бағындыруымызды талап етеді. Бұған тек кинодағы ғана емес, сонымен қатар мәдениеттің басқа да салаларындағы жетістіктеріміз туралы айтуға болатын кеңістікке айналатын стриминг платформаларымен серіктестіктің дамуы ықпал етеді. Мен кино – индустриялық сала екенін әрдайым атап өтемін, өйткені бұл кері қайтарымдар беруге қабілетті, бүгінгі таңда көп монетизацияланатын мәдениет саласы. Бүгін біз «Кинематография туралы» ҚР Заңын шетелдік әріптестерді тарту мүмкіндігі жағына қарай жетілдіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Рибейт, копродукция, кинокомиссия, киноөндіріс желісін әртараптандыру мүмкіндігі сияқты аспектілер пысықталуда. Сондықтан біз мәдениет саласында және басқа да салаларда ұлттық креативті ойды сыртқы нарыққа шығара алатын жастарымыздың ұмтылыстары мен белсенділігін қолдаймыз. Жаһандану және интеграциялану процестері өте қарқынды жүріп жатыр және осы үлкен локомотивтің соңғы вагонында қалмау үшін, әрине, бүгін мұқият ойлануымыз керек.