Серке театры өзінің елуінші маусымын ашуға дайын

0
1446

2021 жылғы 21-24 қыркүйекте С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Ж.Хаджиев атындағы театр форум-фестивалі өтеді. Форум-фестиваль ҚазКСР халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі (Серке) Қожамқұловтың 125 жылдығына арналады. Аталмыш іс-шара Серке театрының 50-театр маусымының ашылу қарсаңында өтуде. 

Мақсаты мен міндеттері: Форум-фестиваль өткізу арқылы театр мамандарының заман талабына сай кәсіби шеберліктерін арттыру; «Жезқазған – театр Меккесі» атанған  игі дәстүрлерді  жалғастыру, фестивальдің мәртебесін көтеру; Өнер ұжымдары арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, тәжірибе алмасу, театр мәдениетін өзара байыту, шығармашылық қатынасты нығайту; Форум-фестивальге қатысушы театрлар мен сыншылар, өнертанушылар арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату; Серке Қожамқұловтың шығармашылығын насихаттау.

COVID-19 індетіне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шараларына байланысты жыл сайыңғы Ж.Хаджиев атындағы Халықаралық театр фестивалі биылғы жылы форматын өзгертіп, форум-фестиваль ретінде өткізіледі және қатысушылар саны шектеулі болады. Форум-фестиваль кезінде актер шеберлігі, сахна қозғалысы және сайысы, сахна тілі бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтер, конференция сабақтары жүргізіліп, оған республика театрларынан өтінім берген 18-35 жас аралығындағы Қостанай, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған театрларының актерлері қатысады.  

Сонымен қатар, форум-фестиваль аясында С.Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған “Қазақ сахнасының ірі тұлғасы” көрмесі ашылады. Көрме барысында С.Қожамқұловтың өмірі мен өнері туралы баяндайтын эксклюзивті жеке қолданыста болған заттары, сахналық киімдері және құнды суреттері көрсетіледі.

Дәріс берушілер: РФ К.Станиславский атындағы Мәскеу «Электра» театрының актері, киноактер Азамат Нигманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Фархад Молдағали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы М.Горький атындағы орыс драма театрының бас режиссері Бекполат Парманов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану магистрі Ахан Жалынбек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here