Қостанайда үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

0
971

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аталып өтіп жатқан мерейтойлы жылда елдің берекесін кіргізіп, ырыздығы мен несібесін молайтуға себесін болған шаруалар жыл он екі ай бойғы адал еңбек пен төгілген тердің жемісін татар алқалы жиында бас қосты.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде атап өтілетініне қарамастан, биыл бұл күнді сәл ертерек атап өту туралы шешім қабылданды. Мұның себебі – егін жинау науқанының ерте аяқталуы және тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай.

Салтанатты іс-шара басталғанға дейін әркімнің қостанайлық «ДЕП» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Милх» ЖШС, «Мибеко» ЖШС, «Торғай ет» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС және т. б. фирмалардың өнімдерінің көрмесін тамашалауға мүмкіндігі болды.

Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов 62 адамға марапат табыстады: 8 қостанайлыққа «Еңбек ардагері» медалі, 14 – і «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, 16 ауыл шаруашылығы қызметкері ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасына, тағы 24-і облыс әкімінің грамотасына ие болды.

Салтанатты жиын соңында облыстың өнер шеберлері мерекенің барлық қатысушыларына концерт берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here