«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» конференциясы өтті

0
492

Талдықорған қаласының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты республикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференция Елбасының өмірі және 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оны дамытудағы ерен еңбегі мен сарабдал саясатына тікелей куә болатын құнды жәдігерлерден тұратын «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арқылы Тұңғыш Президенттің дара жолын, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресін, көпшілікке насихаттау және дәріптеуге бағытталған. Конференцияда отандық ғалымдар тәуелсіздік алған жылдардан бергі 30 жыл көлеміндегі мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайлы және мәдени ошақтардың заманауи қазақстандық мәдениетті дамытудағы міндеттері мен қызметтері туралы айтып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайлы саяси, тарихи бағыттағы жаңа ақпараттармен бөлісті.

Конференция бойынша тарих, филология, педагогика ғылымдарының мамандарының баяндамалары мен мақалаларынан тұратын арнайы жинақ жарық көрді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here