Педагогтарды даярлаудағы жасанды интеллект

0
1688

Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде болашақ педагогтарға жасанды интеллект (ЖИ) негіздерімен танысу мүмкіндігін ұсына отырып, білім беруде цифрлық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді дамытуға белсене атсалысуда. Бұл бағыт жаңа формациядағы педагогтарды цифрлық технологиялар мен инновациялар әлеміне дайындаудың маңызды бөлігіне айналды.

Абай университетінде 2024-2025 оқу жылынан бастап барлық мамандықтардың 3-курс студенттері үшін «Жасанды интеллект негіздері» (4 ECTS) пәні енгізілді. Оның мазмұнын Математика, физика және информатика факультетінің информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы әзірледі. Білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект енгізу білім сапасын арттырып қана қоймай, студенттерге заманауи талаптарға сай оқудың тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Google компаниясымен бірлесіп ұсынған Generative AI бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Бүгінде университеттің 50-ден астам оқытушысы жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Алынған білім мен тәжірибе академиялық қызметте белсенді қолданылып, білім сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, студенттердің осы бағыттағы білімі мен біліктілік дағдыларын арттыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Абай университеті педагогикалық кадрларды даярлауда заманауи инновациялық технологияларды қолдану үшін қажетті дағдыларды оқытуда және дамытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөледі. Бұл тәжірибе оқу үрдісінде жаңа білім беру шешімдеріне бейімделуге және білім беру саласын жоғары деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here