Абай атындағы ҚазҰПУ еріктілері халыққа қажетті көмек көрсетуге дайын

0
1926

«Акселератор добра: Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты толық қолдайды. Мемлекетіміз үшін қиын сынақтар кезінде ел Президенті өзінің қайсарлығын, халқына деген патриоттық рухын көрсетті.

Өз кезегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына қарасты «Акселератор добра: Izgilik elshisi» еріктілері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге және азық-түлік жеткізуге бірлесіп, волонтерлік қызмет көрсетуге дайын екендіктерін білдіреді.

Халыққа мүмкіндігінше ерікті көмек көрсетуге мүмкіндігі бар барлық ниет білдірушілерді қатарымызға қосылуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыздар:

+7 707 308 4949; + 7 702 541 8842; + 7 705 222 1025

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here