Шығынға батқан кәсіпкерлер қолдаусыз қалмайды

0
1083

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнеске террористік әрекеттер барысында келтірілген залалды өтеу, оның салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін жедел қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастырып жатыр.

«Open Almaty» қоғамдық қабылдау базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды:

1308 (ұялы телефондар үшін) және +7 (727) 338-33-88

Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, аумақтық департаменттермен және басқа да ұйымдармен бірлесіп шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау бойынша қалалық және аудандық комиссиялар құрылды.

Аудандық әкімдіктер мен Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының байланыс телефондары:

Алатау ауданы – 8 701 777 9986 /Белгібаев Олжас Талғатұлы/
Алмалы ауданы – 8 775 555 5718 /Хайруллин Ерден Рашидұлы/
Әуезов ауданы – 8 708 634 0056 /Кенеев Ренат Бақдәулетұлы/
Бостандық ауданы – 8 701 501 9990 /Сәдуақасова Жанар Сейітжанқызы/
Жетісу ауданы – 8 705 777 8130 /Әкежанов Дамир Нұрсұлтанұлы/
Медеу ауданы – 8 705 444 4060 /Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы/
Наурызбай ауданы – 8 701 959 4439 /Дандыбаев Бағлан Ерболұлы/
Түрксіб ауданы – 8 702 180 9007 /Лебаев Наиль Мұратжанұлы/
Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы – 8 701 242 2947 /Насамбаев Әскербек Жалдыбайұлы/

Үкімет комиссиясы шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу механизмін әзірлеуде, ол бүгінде орталық мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде тұр және жақын арада жарияланатын болады. Бизнеске келтірілген залалды өтеу жөніндегі алдын ала жасалған механизмдермен және тәсілдермен atameken.kz сайтынан танысуға болады.

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

14 қаңтардағы мәліметке сенсек, алдын ала жасалған жалпы келтірілген залал сомасы 128 млрд теңгеден асты. Осылайша, бизнестің шығындары 86 млрд теңгені, әкімшілік ғимараттардың шығындары 22,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 223 бірлік техника мөлшеріндегі жылжымалы мүлік шығындары 1,9 млрд теңге сомасында бағаланды (жеке автомобильдер бойынша бағалау жүргізіледі), «Almaty Bike» велопрокаттар станциясының шығындары 376,5 млн теңгені, материалдық-техникалық базаның шығындары 16,7 млрд теңгені, зардап шеккен қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемі 490 млн теңгені құрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here