Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін босанды

0
892

19 қаңтарда Атырауда 52 жастағы әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасымен тұңғыш сәбиін босанды. Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталықтың Баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жаста өмірге сәби әкелу оңай емес. Біздің пациент бұған дейін көп жыл емделсе де бала көтере алмаған. Содан соң «Аңсаған сәби» бағдарламасымен бөлінген квота бойынша ЭКҰ арқылы бала көтерген. Облыстық перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері оған 19 қаңтарда ота жасады. Өмірге салмағы 3 келі 70 грамм, бойы 51 см сәби келді. Бұл – оның тұңғыш сәбиі. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы», – деп хабарлады орталықтың Баспасөз қызметі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here