Алғысқа бөленген алакөлдік арулар

0
1097

Күнделікті өмірде қолына күрек ұстаған тазалық жанашырларын көреміз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай жұмысшылар көбінесе шаң-тозаңда, шақырайған күннің, шытынаған аяздың астында жұмыс істейді. Өйткенi, олар қала тазалығына жауапты екенін сезінеді.

Осыған орай, шұғыла көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесінде Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы К.Арстан және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қоғамдық жұмыскерлерге ыстық шәй мен бәліш ұсынып, арнайы сый – сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.

Қалыс қалмаған нәзік жанды аруларымыз өз кезектерінде ерікті жастарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, қызметкерлердің еңбегін бағалап, түсіністікпен қарау әрбір азаматтың қолынан келетін ізгі істердің бірі екені сөзсіз.

К.Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here