Президенттің бағытын бүкілхалықтық қолдау қажет

0
1338

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында еліміздің одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының басты бағдарын айқындап, жаңа әділ қоғам – жаңа Қазақстанның базалық институттарын қалай құру керектігі туралы айтып берді.

Біздің бәріміз де мемлекеттің экономикалық өркендеуінен кейін «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағидат қоғамды демократияландыруға, еліміздің бүкіл халқын игілікке қол жеткізуіне алып келеді деп үміттенген едік.

Бірақ, біздің қоғам екі әлемге: бай және кедей адамдарға бөлініп кетті. Ал бұл әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздікті тудырып қана қоймай, экономиканың тұрақты дамуына кедергі болады.

Сондықтан Президентке жаңа Қазақстанды құрылысын оның саяси базисін қайта құрудан бастауға тура келеді.

Ең алдымен, біз супер-президенттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшетінімізді атап өткен жөн. Бұл билік институты мен елдің тұрақты дамуының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді. Мұндай саяси жүйе кезінде Қазақстанда жеке тұлғаға табыну, билікке деген фаворитизм мен монополия болмайды деп ойлаймыз.

Енді Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен тікелей сайлау арқылы ішінара мажоритарлық негізде сайланатын болады. Депутаттарды партиялық тізімдер бойынша ұсынуға қатысты бұл жерде де прогрессивті демократиялық өзгерістер болады, саяси партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдетіледі, оларды қалыптастырудың картельдік қағидаты ұмытылмайды, яғни партияның сайлаудағы жеңісін тек бәсекелестік айқындайды.

Президент партия мүшесі болудан бас тарту туралы дана шешім қабылдады. Бұл партиялық жүйені қалыптастыру кезінде ашық бәсекелестік күреске кепілдік береді. Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан бекітуді аса маңызды деп санаймын.

Сенаттың жұмысын іштей білетін сенатор ретінде Мемлекет басшысының қос палаталы Парламентті неге қолдағаны маған түсінікті. Ол Парламент депутаттарының саны туралы емес, олардың жұмыс сапасына қатысты болып отыр. Біздің атқарушы билік жұмысындағы басты проблема ел бюджетіндегі қаражаттың жетіспеушілігі емес, оларды тиімді пайдалануға байланысты деп санаймын. Қарапайым тілмен айтқанда, егер әр депутат Үкіметке оның жұмысының әлсіз жақтарын көрсетіп, экономиканы тиімді басқаруға мәжбүр етсе, онда біздің өміріміз әлдеқайда жақсы болар еді. Менің ойымша, Президент біздің қоғамымыз үшін дәл осындай ықпалды Парламентті қалыптастыру үшін қажетті негіз қалайды.

Бүгін әскери қақтығыстар, санкциялық соғыстар біздің дәл жанымызда өрши түсіп, қаңтар оқиғаларынан қорқынышты сабақ алған кезде жер жүзінде, оның ішінде өз елімізде бейбітшіліктің қаншалықты нәзік екенін түсіне бастадық.

Сондықтан біздің мемлекеттілігімізді, қорғаныс қабілетімізді нығайтуымыз керек, ал ол үшін халық қолдаған, тігінен түсетін қуатты билік қажет.

Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының нақты бағдарламасын ұсынды, бірақ ол азаматтық қоғам жаңғырмайынша толық көлемде іске аса алмауы ықтимал. Бұл дамыған елдер жетістігінің құпиясы, онда әрбір азамат демократиялық даму институттары арқылы мемлекетті басқаруға қатысады, ал олардың құқықтық қоғамының негізі – заң үстемдігі болып табылады.

Қазір біздің азаматтарымыздың мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру аса маңызды. Сондықтан басталған өзгерістерді тоқыратпай, Президенттің бағытын бүкілхалықтық қолдау қажет. Сондай-ақ жайлы жерге отырып алып бәрін түгелдей сынға ала бермей, әрқайсымыздың нақты істе белсенді болуымыз ауадай қажет.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Парламент Сенатының депутаты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here