Конституциялық сот құру бастамасы құптарлық

0
1508

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жолдауы ерекше жолдау деп айтуға болады. Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенттік басқару жүйесіне біртіндеп көшу жобасы – халық үнін естуші мемлекеттің бір тұжырымдамасы.

Сонымен қатар жоғары басқарушы органдағы әкімдердің де партия құрамында болуы жұмысты едәуір көбейтетінін көрсетеді. Осы орайдағы Тоқаевтың ұсынысы – әркім өзінің міндетіндегі жауапкершілікті ғана атқаруға үндейді.

Сондай-ақ сот жүйесіндегі тиімсіз реформаларды қайта қарап, елімізде әрбір азаматтың Конституциялық Кеңеске өз шағымымен бара алуына жол ашу, сот жүйесіне деген сенімділік пен заңға құрметті арттыруға өз әсерін береді. Сондай-ақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Конституциялық сот құру бастамасы да құптарлық деп есептеймін.

Еліміздегі «қаңтар оқиғасы» әлемдік аренадағы біздің беделімізді түсіргенімен, саяси жаңғыру арқылы әлі талай белестерді бағындырарымыз анық.

Сонымен қатар қатынауға қиын облыстарды бөліп және жаңа құрылған облыстар өткенді жаңғыртудың белгісі іспетті.

Жаңа құрылатын Абай облысы біздің елдігімізді, Ұлытау облысы өткенімізді ұлықтатар киелі жерлердің көші іспеттес. Алматы облысын екіге бөлу – үлкен агломерацияны тиімді басқару жолы. Жетісу облысы мен Алматы облысы деп бөлудің халық үшін берері мол, табысқа жетелері анық.

Алмағайып заманда елдігімізді сақтай отырып, Қазақстанды алға бастау – бұл әрбір қазақтың азаматтық парызы. «Қазақстан деген қасиетті ел бізден басқа ешкімге керек емес», – деген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бір ауыз сөзінің өзінде үлкен астар бар.

Елдігімізді сақтап, елімізді өркендету жолындағы Президентіміздің бүгінгі жолдауын толықтай қолдаймын.

Гүлнар АЙҒАРИНОВА,
заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық
құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.к.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here