Лагерьге тегін жолдама кімдерге беріледі?

0
1675

Лагерьге жолдама алу үшін білім беру ұйымының бірінші басшысының атына өтініш жазу керек. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули мәлімдеді.

Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама:

• мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
• жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
• жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
• төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
• мектептің Қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жолдама беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазғы уақытта 11 мыңнан астам мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға артық бала лагерьлерде демалады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here