Мәскеулік алаштанушы ғалым музей-үйде

0
1560

Музей-үйге Қазақстан және Ресей тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Дина Ахметжанқызы Аманжолова әріптес құрбысы Светлана Викторовнамен келді.

Музей-үйі жетекшісі Р.Сахыбекқызы қонақтарға тағылым мектебінің құрылу тарихын туралы қысқаша баяндаса, экскурсовод Манат Әшіров экспозициялық залдарда орналасқан жәдігерлермен таныстырды.

Ғалыммен сұхбат «Ахметтану» оқу орталығында кәсіптік тәжірибеде жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Филология институтының 3 курс студенттерімен жалғасты.

Қызықты дерек Д.Ахметжанқызының туыс ағасы Ахмет Аманжоловтың осы тарихи үйде 1960 жылдары тұрғандығы болды. Осыған орай, музей қызметкерлері мен студенттер тарапынан алаштанушы ғалымға сұрақтар қойылып, қызықтырған сауалға жауаптарын алды.

Д.Ахметжанқызы ғылым жолына келуі, зерттеу тақырыптарының ауқымдылығы жөнінде, сонымен қатар,  Қазақ елі мен Ресей архивтеріндегі Алаш арыстарына қатысты дереккөздер және т. б. туралы әңгімелеп берді.

Мәскеуден келген ғалым жерлесімізге Р.Имаханбет ұлт ұстазы туралы жарияланған еңбектерден сы й ұсынып, алғысын білдірді.

Екі апталық кәсіптік тәжірибеден өтуге келген бізге алаштанушы ғалымдармен дидарласып, сұхбаттасу арқаландырды. Жүздесу соңында алаштануларды ортамызға алып естелік суретке түстік. 

Ақжүніс БАЗАРБАЙ,
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының
Филология мамандығының 3-курс студенті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here