Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы екі есеге қашан артады?

0
348

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасынжда  соңғы жылдары балабақша тәрбиешісі мамандығына оқуға түсуге конкурс күрт төмендеп кеткенін хабарлады. Министрдің жазуынша, тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз болып отыр.

«Қазір біз бірнеше балабақшада пилоттық жоба бастадық. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады. Кейін пилоттық жоба нәтижесі бойынша шешім қабылданады», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

2021 соңында өткізілген мемлекеттік аттестаттациядан балабақшалардың 80 пайызы өте алмаған. Соған орай, келесі бірнеше бағытта балабақшаға талаптарды күшейту жұмыстары жүргізілмек:

  • Лицензиялауды қайтару. Бұл мәселе бойынша министрлік депутаттардың, қоғам мен мемлекеттік органдардың қолдауына үміт артады;
  • Жұмыс жағдайлары мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу;
  • Балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту;
  • Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерініңкадрлық әлеуетін, колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру;
  • Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here