Енді ата-аналар балабақшаны өздері таңдай алады

0
413

Бәсекелістікті арттырып, елдегі балабақшалардың сапасын жақсарту мақсатында енді мемлекеттік тапсырыс тек ата-аналар таңдаған балабақшаларға ғана жіберіледі. Мұндай шара сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министр жаңа бұйрықта мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін айтып, негізгілеріне тоқталды:

1) Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілді;

2) Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. Яғни, мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту. Саны жиырма бестен аспауы тиіс.

3) Міндетті түрде бейнекамералар орнату.

4) Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.

5) Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

6) Білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.

7) Білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады. Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал, ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады.

«Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», – деп нақтылады Асхат Аймағамбетов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here