Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау мен айтыс өтті

0
222

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы инклюзивті «Қанаттылар» театрымен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері мен ақындар мүшәйрасын өткізді. Шара «Жастар» театрында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс – шараның мақсаты-ерекше адамдардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.

Іс-шараға әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушылар ақын-жашушылар — Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтың, Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын оқыды, олардың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Байтұрсыновқа және ана тіліне арналған өз шығармаларын оқыды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің арасында үздік болып Гүлмира Шаймағанбетова (1 топ), екінші орынды Алтыншан Мұқатаева (1 топ), үшінші орынды Мейрамгүл Байжігітова (1 топ) және Айкүміс Мурадова (1 топ) иеленді. Мүшайра қорытындысы бойынша құрметті бірінші орын Ислам Мағытановқа (1 топ) бұйырды, күмісті Елдос Абаев (1 топ), қоланы Перизат Бекмұратова жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар және т. б. қатысты.

Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен спектакль ұсынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here