Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен әлеуметтік төлемді қалай алады?

0
1333

Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді. Мысалы, былтыр 106 мың қазақстандыққа 16 млрд теңгеге жуық төлем берілсе, биылғы жылдың алты айында мұндай мүмкіндікті 60 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерген. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ хабарлады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның департамент директоры Гүлбағила Болатбекованың мәліметінше, қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Бұл – бір. Екіншіден, жұмыссыз қалған азаматқа соңғы 24 айдағы орташа жалақысының 40 пайызы төленеді. Яғни, екі жыл бойы ай сайын 200 мың теңге айлық алып келген азамат жұмыссыз қалса, сақтандыру қорынан 80 мың теңге әлеуметтік төлем алады. Мұндай төлем алты айға тағайындалады. Азамат осы уақыт аралығында жұмыс таппаса, тағы да өтінім беруге мүмкіндігі бар. Дегенмен, сақтандыру қорынан екінші рет алатын төлемнің мөлшері бұрынғыға қарағанда азырақ болады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жұмысынан айырылған қазақстандықтарға жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік төлем алуға шақырады. Әлеуметтік төлем алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу қажет. Enbek.kz сайты арқылы өтініш беруге де болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here