Монако мен Индонезияның туы неге бірдей?

0
2488

Индонезия мен Монаконың мемлекеттік тулары бірдей. Тіпті, кезінде осы үшін қос ел айтыс-тартысқа да түскен еді.

Индонезия 1945 жылы Нидерландтан азаттығын алып, ақ-қызыл жолақты мемлекеттік туын  жариялады. Сол кезде тура сондай туы бар Монако князьдығы бұған ресми қарсылық білдіреді. Алайда, бүгінде әлемдегі ең көп мұсылмандар тұратын Индонезияның мемлекеттік туы 1297 жылы негізі қаланған Монаконың туынан әлдеқайда көне екені дәлелденгеннен кейін князьдық ресми қарсылық жариялауын тоқтатты.

280 млн халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Индонезияның туындағы ақ-қызыл жолақтар XIV ғасырдағы Маджапахит корольдігінен алынса, 38 мың халқы бар Еуропаның оңтүстігіндегі кішкентай Монаконың дәл сондай туы 1881 жылы ІІІ-ші Шарл князі ел билеген тұста белгіленген екен.

Айта кетейік, 38 млн халқы бар Польшаның туы да Индонезия мен Монаконың туларына ұқсайды, тек Орталық Еуропадағы елдің туында ақ жолақ үстінде, қызыл жолақ астында тұр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here