2023 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болады?

0
953

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев 2023 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістерді хабарлады. Мысалы, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тест саны мен формасы өзгереді.

2023 жылдан бастап «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өзгерістер енгізіледі.

• «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).

• «Оқу сауаттылығы» пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.

ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:

• 1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;

• 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here