Осыдан 22 жыл бұрын Қазақстанда Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы құрылды. Бүгінгі таңда Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді және жалпы әскери іс-қимылда қарсыласты атудың негізгі құралы болып табылады. Олардың жауынгерлік күшінің негізін тактикалық зымырандардың, оқпан мен реактивті артиллерияның, мина атқыштар құрамалары, әскери бөлімдері мен бөлімшелері құрайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Зымыран әскерлері мен артиллерияның маңыздылығы оның артиллериялық барлаудың заманауи құралдары мен әскерлерде кеңінен енгізілген және қарсыластың нысандарын жеңудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін артиллериялық атысты басқарудың автоматтандырылған жүйесінде болып отыр.
Зымыран әскерлері мен артиллерияның жеке құрамы барлық уақытта армиядағы дайындығы жоғары мамандардың бірі болып қала береді. Жауынгер-артиллерист мамандығы тек батылдық пен кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар, олардың жауынгерлік қабілеттеріне сәйкес атыс міндеттерін орындау кезінде нысандарды дәл анықтау, шебер жоспарлау және бөлімшелерді басқару бойынша нақты машықты қажет етеді.
Қазіргі уақытта елде барлық деңгейдегі Зымыран әскерлері мен артиллерия мамандарын даярлау жүйесі бар. Артиллериялық бөлімшелерге Құрлық әскерлерінің әскери институты мамандар даярлайды. Жедел-тактикалық деңгейдегі офицерлерді Ұлттық қорғаныс университеті оқытады. Ал, әскери дайындалған резерв жыл сайын әскери кафедралардың түлектерімен толықтырылып отырады. Артиллерия сержанттарын әскери колледжде, артиллерия мен минаатқыш есептоптарының кіші мамандарын Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында дайындайды.
Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ