Сайлау барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

0
564

17 қазанда өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелгені хабарланды.

«Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқаушылар институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабы бойынша шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ҚР ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жолдады. Сонымен қатар, екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ҚР ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», – деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның нақтылауынша, ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан – 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан – 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр. Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулы қабылдады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here