Алматылық оқушылар әскери жоғары оқу орнына барды

0
883

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты қаланың 37 мектебінің 300 жоғары сынып оқушыларына ашық есік күнін өткізді.  Кәсіптік бағдар беру акциясы Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында өткізілді.

 Қару-жарақ үлгілері мен жеке қорғаныс құралдарының көрмесін аралаған оқушыларға Калашников автоматын өздігінше бөлшектеп-жинауға, жалпы әскери қорғаныс костюмін кию нормативін орындауға мүмкіндік берілді.

Оқытушылар балаларға жоғары оқу орнының кафедраларын аралатып, әр мамандықтың артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Одан өзге оқу сыныптарын, казармаларды, спорт залды және асхананы көрсетті.

– Курсанттар оқитын инженерлік-техникалық мамандықтар Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда ғана емес, азаматтық салада да кеңінен сұранысқа ие, – деп атап өтті институт бастығы полковник Қайрат Дәуітов оқушылармен кездесу барысында.

Сондай-ақ ол әскери институт мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға қабілетті болашақ офицерлерді даярлауды жүзеге асыра отырып, оның қорғаныс қабілетін нығайту ісіне едәуір үлес қосатынын да айтып өтті.

Жоғары білім ордасында болашақ офицерлердің дене шынықтыру дайындығына айтарлықтай көңіл бөлінгендіктен, балалар да курсанттардың жекпе-жек ұрысының кей элементтерін көрді. Содан кейін олар курсанттармен және оқытушылармен бірге футбол, волейбол жарыстарына және әскерилендірілген эстафетаға қатысты.  Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Кездесу соңында көптеген жоғары сынып оқушылары Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түсуге ниет білдіргенін атап өткен жөн.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here