Жаңа Қазақстанның келбеті: әлеуметтік бірлік және жаңғыру

0
1323

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедраларының бірлескен мәжілісі өтті. Аталған мерекелік мәжіліс қалалық деңгейде өткізілді. Бұл мәжіліске ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан, қалалық Достық үйінен, этномәдени бірлестіктерден, жоғары оқу орындарынан арнайы қонақтар шақырылды.

Мақсаты – бүгінгі Қазақстан қоғамындағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге мән беріп, нақты көріністерін талқылау. Қоғам жаңғыруының жаңа келбетіндегі мазмұнын айқындай түсу.

Мәжіліс модераторы – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман.

Кафедра мәжілісін құттықтау сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашты. Негізгі баяндаманы ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының кеңесшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Борбасов жасады. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры Дауренбек Кусаинов, Қырым татарларының «Ватандаш» мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі Сеит Бабалиев, ShinSyn дунған этномәдени орталығының Жастар қанатының төрағасы, Алматы қаласының Жастар Ассамблеясы РҚБ төрағасының орынбасары Фарида Гасизова, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Серік Нурмуратов сөз сөйледі.

Мәжіліс соңын Шыңғыс Нұрланов қорытынды сөзімен аяқтады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here