Енді Қонаевтан Алматыға дейін электр пойызы қатынайды

0
427

Ертең, 9 қарашадан бастап Қонаев қаласынан Алматыға дейін электр пойызы қайта қатынай бастайды. Бұл туралы Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев хабарлады.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр.

Айта кетейік, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here