Астанада командалық пункттер бастықтарының жиыны өтті

0
109

Бас командалық пункттердің, әскер түрлерінің, тектерінің командалық пункттерінің, Қарулы күштердің өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және тыл бастығы басқармасының бастықтарымен оқу-әдістемелік жиында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қорытындылары шығарылды.

Жиынды Қорғаныс министрлігінің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарулы күштер Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығы ұйымдастырды.

– Жаңартылған әскери доктринада әлемдегі әскери-саяси ахуалдың күн санап өзгеруі мен оны болжаудың күрделі екендігі де атап өтілді. Мұндай жағдайда жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруды жетілдіру қажет. Құзіреттілік, жеделдік және келісімділік – жауынгерлік кезекшілік міндеттерінің толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті айқындаушы факторлар, – деп атап өтті қорғаныс басқармасы Ұлттық орталығының бастығы – ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Бәденов.

Жиын барысында Бас командалық пункттер мен командалық пункттер бастықтарының қызметтерінің жай-күйі және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Үздік командалық пунктке арналған байқаудың нәтижелері жарияланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару мәселелерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленіп, 2023 жылға міндеттер қойылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here