Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Оралға барды

0
134

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы хабарлады.

Орал қаласында РҚШ мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады. Кездесуде еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған басымдықтарға да мән берілді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген міндеттердің бірі.

«Батысқазақстандықтарды алаңдатып отырған маңызды проблемалардың бірі – Жайық өзенінің тартылуы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының қатарында. Соған байланысты су ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және тазалау үлкен мәнге ие. Бұл бағытта қоғамның белсенді ұстанымы аса маңызды», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Штаб мүшелері «Жайықжылуқуат» АҚ алаңында өңірдегі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен, «Зенит» зауытының ұжымымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде өңірдегі жас агрономдармен, инженерлермен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here