Биылғы жылы «Сары-өмір» қысқаметражды жобасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы байқауының жеңімпазы атанып, мемлекеттік қаржыландыруға ие болды. Фильмнің режиссері Рүстем Дастанұлы үшін ғана емес, сонымен бірге қоюшы-оператор Мұхаммедали Есенбай мен қоюшы-суретші Мадина Есманова үшін де бұл жоба дебюттік жұмыс болды. Фильмнің сценарийін Думан Дендер жазған. Басты рөлді жас актер Нұрәлі Пірмағанбет сомдап шықты.
Фильм алыс ауылдағы туыстарына келген Аян есімді бала туралы баяндайды. Аян әжесінен үйдің жанындағы қабір туралы әңгімені естиді және содан бері ол біртүрлі нәрселерді байқай бастайды. Оның артынан біреу немесе бірдене жүргендей сезім мазалайды. Әжесі оны тыныштандыру үшін және өзінің қорқынышын жеңу керек екендігін түсіндіру үшін ерекше ұлттық рәсімді өткізеді. Енді Аян өз қорқынышын біржола жеңу үшін онымен бетпе-бет келуі керек.
«Мен бұл фильмді ойластырғанда Мартин Лютер Кингтің «зорлық-зомбылық тек зорлық-зомбылықты тудырады» деген сөзіне жүгіндім. Мен «жауыздықтың» жазаланғанын қалаймын. Фильмнің соңы шынымен де қатыгез және қатал, бірақ мен үшін бұл жалғыз логикалық финал. Мен режиссер ретінде бейтараптықты сақтағым келеді және басты кейіпкердің іс-әрекетінің дұрыстығы туралы жауап беруден аулақ болғым келеді. Мен өзім үшін ең маңызды тақырып әлі күнге дейін көптеген адамдар көре алмайтын, бірақ бала байқайтын жақсы жасырылған зорлық-зомбылық», – дейді режиссер.
Фильм түсірілімі Қонаев қаласының маңында 31 тамыздан 8 қыркүйекке арасында өтті. Картинаның режиссері Киноорталықпен серіктестікте жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесін дебютант үшін пайдалы деп есептейді және жас кинематографистерді өз күштерін сынап, конкурсқа қатысудан қорықпауға шақырады.
«Мен ойлаған идеяны жүзеге асыруға көмектескен бүкіл түсірілім тобына алғысымды білдіремін», – деп фильм режиссері өз сөзін аяқтады.
Дәстүрті түрде қысқаметражды фильмдер үшін картинаны насихаттау халықаралық кинофестивальдерден басталады, содан кейін фильмді стримингтерден көруге болады.