Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Рахимова «Әлеуметтану» мамандығының 3-курс студенттерімен «Жүректе қалған Желтоқсан» тақырыбында тәлімдік-тәрбиелік сағатын өтті.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен қарсы ала отырып, «Әлеуметтану» мамандығының 3-курс студенттері ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шарасын көрсетті. Студенттер монолог оқып, тарих қойнауынан сыр шертті.
Іс-шараға кафедра оқытушылары – философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Ө. Құсайынов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Мадалиева және институт директорының тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Н.Т. Манапов қатысты.