Алматы облысының ҚХА хатшылығының жаңа басшысы тағайындалды

0
682

Жандар Тұрарұлы Асан Алматы облысының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметіне тағайындалды.

Оның құзыретіне өңірдегі мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясатты жүзеге асыру мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметін үйлестіру кіреді.

Жандар Асан 1990 жылғы 12 мамырда қазіргі Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген.

2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.

2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтын «Әдебиеттану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Түркияның және Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы баспа корпорациясының бас редакторы ретінде бастаған.

2012-2014 жылдары аралығында «КТК» телеарнасының редактор-тілшісі, «Хабар 24» телеарнасының бағдарлама редакторы-жүргізушісі, «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары-жауапты хатшысы.

2014-2017 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Ректорының баспасөз хатшысы, Ректор аппаратының басшысы, Ақпараттық-имидждік орталығының басшысы.

2017-2022 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Маркетинг және коммуникация департаментінің директоры.

2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы м.а. қызметін атқарды.

Жандар Асан бірнеше деректі фильмнің және энциклопедиялық жинақтың авторы.

Отандық және шетелдік ғылыми журналдарда 20-ға жуық ғылыми мақаласы шыққан. Республикалық беделді басылымдарда 500-ден астам публицистикалық мақаласы жарық көрген.

ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен және салалық медальдармен марапатталған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here