Сайлау комиссиясы кандидатты қалай тіркейді?

0
750

Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. Ал, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды округтік сайлау комиссиялары тіркейді.

Бір саяси партия бөлінетін депутаттық мандаттардың 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім береді. Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны тізімдегі адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға міндетті.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі. Партиялық тізімге енгізілген адамға бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ұсынылуға тыйым салынады.

20 қаңтарда басталған кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу науқаны 18 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.

Бір атап өтерлігі, тіркеуге қажет құжаттарды ұсынбаса, тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдында үгіт жүргізсе, сот басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаса, сот сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаса, кандидат Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сай келмесе, сайлау алдындағы науқанда лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланса, Орталық және округтік сайлау комиссиялары кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here