Еліміздегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері де Түркияға гуманитарлық көмек жинап жатыр. Қазіргі уақытта ҚХА этномәдени бірлестіктері 28 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жинап, оған қоса 34 млн теңгеге тұрмысқа қажетті заттарды алып, Түркияға жіберді. Гуманитарлық көмек жинау әлі де жалғасып жатыр.