Ақпарат комитетіне жаңа басшы тағайындалды

0
339

Елдос Нәшірәлі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Елдос Бигелдіұлы 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, Масси университетінің түлегі.

Әр жылдары Тараз қаласы әкімдігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Ішкі саясат басқармасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің инспекторы, 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік БАҚ саясаты департаментінің директоры, 2018-2021 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, 2021-2022 жылдары «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы қызметінде болды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және хаттама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here